9. «Ел намысы - ерлердің қолында» деген тақырыпта қазақ елінің намысын қоғап жүрген былғары қолғап шеберлері туралы өз көзқарасыңызды білдіріп 100-120 сөз көлемінде эссе жазыңыз. Эссенің құрылымын сақтаңыз.
Қазақстанның әрбір азаматы мен азаматшасы өзінің елінің намысын қорғау қажет. Біз өзіміздің еліміздің болашағымыз. Ғасырлардан бері жастар отанымызды қорғады. Бұрынғы замандарда көптеген соғыстар болды, ата-бабаларымыз өз ұлтының намысын сақтаған және қазақтың намысшыл, әрі күшті халық екенін дәлелдеді. Олардың арқасында біз осындай ел болып, күннен күнге гүлденіп жатырмыз. Алайда елдің намысы тек ерлердің қолында емес. Қазақтың сұлу және айбатты қыздары да біздің елімізді дамыта алады. Қазір Қазақстанның хылқының саны 18 миллион адамға жетті. Осы санның құрамына кіретін жас адамдар, азаматтар мен азаматшалар және кішкентай балалар өз елінің дамуына бар күшін сала алады.
Ер намысы – халықтық салттың ең бір қалыптасқан заңы. Бала тәрбиеленіп кісілікке жеткен соң, ол өз намысын қорғай білуге міндетті. Қазақтар ежелден ер адам намысын, қыз бала арын қорғай білуі тиіс деп тәрбиелеген. Соны бала күнінен құлағына құйып өсірген. Осыдан «намыссыз ұлдан, абыройсыз қыздан сақта» деген нақыл сөз қалса керек.
Егер ер жігіт намысын қорғай алмаса, ол азаматтық беделін жояды. Ер бала әке жолын қуып, «әкеден де асып туып», қатарынан қалмай, алдына қойған мақсаттарын абыроймен орындауға міндетті. Елін қорғау, еңбек ету, ата-анасын ардақтау, өнер үйрену, күш-жігерлі болу, сегіз қырлы бір сырлы болу, әділетті болу, біреуге жалынышты кіріптар болмау, әйел затын құрметтей білу, жасық болмау тағы басқа ізгі қасиеттерді бойына сіңіруі қажет.
Осының бәрі ер-азаматтың намысты, абыройлы, арлы болуына септігін тигізеді. Әсіресе ұлттық дәстүрге сәйкес инабатты, иманды, ілтипатты, үлкенге ізет көрсетіп, кішіге қамқор болу – ер жігіттің айнымас ары, бұлжытпай орындайтын заңды борышы. Халықтың ер жігітке тән заңын пір тұтқан азамат «малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп, арына адал болған.
Халқымызда осыған қатысты «Ерді намыс өлтіреді» деген мақал бар. Жоңғар шапқыншылығы кезінде Баян батыр інісі Ноянның жоңғардың сұлуына ғашық болып, сонымен бірге елден қашып шыққан. Қыздың туған жеріне бірге еріп бара жатқанын көрген Батыр Баян намыстан жарыла жаздап екеуін де өлтірген. «Опасызда Отан жоқ» дегені болса керек. «Ер намысы – ел намысы».
Елім дейтін жігіттің бойын билейтін ерекше қасиет, барлық махаббаттан да жоғары тұратын сезім. Ол Отанға, елге, жерге деген сүйіспеншілік болса керек. Отбасында да, балалар бақшасында да, мектепте де, көпшілік орындарда да баланы ел намысына, қызды абыройына сәйкес тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Өйткені бүгін біз тәрбиелеген жеткіншек – ол ертең ел намысын абыроймен сақтап қалу жолында барын салатын ОТАН ҚОРҒАУШЫ!
Эссе: