Скифтер соғыста парсыларды әбден шаршатқаннан кейін Иданфирс Дарийға тарту ретінде құс, тышқан, құрбақамен садақтың
 Оғын жібереді. Бұл тартудың шешуін Дарий: «Құс ауаны, тышқан жерді, құрбақа суды
 мекендейді ғой. Скифтер маған үшеуінің билігін берген екен. Садақтың оғы — скиф
 ерлігінің белгісі, оны сыйлағаны – маған бас игені» - деп, өзі үшін жақсылыққа
 жориды. Бірақ Дарийдің уәзірлерінің бірі — Гобри бұл жұмбақ тартудың мағынасын
 «Сендер, парсылар, құс болып аспанға ұшып, тышқан болып жерге кіріп, құрбақа ол
 теңізге түсіп кетпесеңдер, біздің садағымыздың оғынан құтыла алмайсыңдар!» дегені
 болар, – деп басқаша шешеді. Көп ұзамай жұмбақ тартудың мағынасы шынында да
 осындай болғанына көзі жеткен Дарий патша: «Бұл жерден аман кетуді ойлау керек
 екен», — деп скиф жерінен көшіп кетеді.
 1-тапсырма
 1.Мәтіннің тақырыбын анықта.1 б
 2.Мәтінде айтылған жұмбақ туралы қысқаша өз ойыңды жаз. 1 б
 СООР