74. Мәтінді тыңда. Адамды табиғаттан, табиғатты адамнан бөліп қарауға
болмайды. Табиғаттың жері мен суы, орманы мен тасы,
жануарлары мен өсімдіктері адам үшін тіршілік етудің
басты көзі болып табылады. Сондықтан табиғатты туған
анандай көріп, туған ұлыңдай қорғауың қажет. Оған бабаң-
дай табынуың керек.
Егер сендер ағаштарды аяусыз сындырып, гүлдерді
жұлып, құстардың ұясын бұзып, жазықсыз жәндіктерді
өлтіріп, ағып жатқан суға қоқыс қалдықтарын тастасаңдар,
Табиғат-анамыз тарығады. Мұндай жағымсыз қылықтардан
аулақ болайық, балалар! Жоспар