Бүкіләлемдік көрмелер тарихы 1851 жылы Лондонда өткізілген «Барлық халықтардың өндірістік жұмыстарының ұлы көрмесінен» басталды. 1928 жылы 22 қарашада Парижде көрме қызметін реттеу мақсатында Халықаралық көрме бюросы (ХКБ, оған 166 ел мүше) құрылды.
1851 жылы Лондонда көрмені өткізу үшін Хрусталь сарайы салынды. 1855 жылдан бастап халықаралық көрме қалашықтары салына бастады. 1893 жылғы Чикагодағы «Ақ қала» – осындай қалалардың алғашқы қарлығашы.
Бүкіләлемдік көрмелерде ұсынылған өнерлер арасында маңызды орын сәулетке берілді. Көрмені қабылдаған қалалар бірегей ғимараттар салуға тырысты: Брюссельдегі Атомиум, Барселонадағы Монжуич Ұлттық сарайы, Париждегі Эйфель мұнарасы…
1960 жылдардан бастап жаңа технологиялар дәуірі басталды. 1962 жылғы Сиэтлдегі Бүкіләлемдік көрменің тақырыбы – «Ғарыш дәуіріндегі адам». 1967 жылғы Канаданың Монреаль қаласындағы павильонда көрермендерге ғарыш кемелері ұсынылды.
Жетпісінші жылдары жаңа технологиялар қарыштап дамыды: микропроцессорлар, компьютерлер, Интернет байланысы, көлік түрлері түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаһандану үрдісі бүкіл адамзатты қамтыды.

1. Көрме барысында салынған ғимараттар туралы айтылған абзацты көрсетіңіз. [1]
A) 1 B) 3 C) 5 D) барлық абзацта

2. Мәтінге қатысты тақырыпты табыңыз. [1]
А)Көрмелердің түрлері В)Көрмелердің өткізілуі
С)Көрмелердің тарихы D)Көрмелердің маңызы

3. Берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз. [1]
Заман тұңғыш

4. Мәтіндегі негізгі және қосымша 1 ақпаратты ажыратыңыз. [1]
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат

5. Мәтінге қатысты ой-тұжырымыңызды 2 сөйлеммен жазыңыз.

настя7595 настя7595    3   21.05.2021 11:29    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi