7 сынып 4-тоқсан
«Жастықтың оты қайдасың?» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 7.Т1. Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау
7.А5. Диалогке қатысушылар коммуникативтік жағдаяттың
талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын
еркін ауыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын
болжайды
• Диалогке қатысушылар «сөйлеуші тыңдаушы»
позицияларын еркін ауыстырады.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Екі көрші өмір сүріпті. Қыс келіп, қар түседі. Бірінші көрші таң ертемен күрегін алып есіктің алдындағы қарды тазалауға шығады. Жолды тазалап жүріп, көршісінің жағына көз тастайды. Ал көршісінің есігінің алды тапталған тап-таза. Келесі күні таңертең тағы да қар жауады. Бірінші көрші жарты сағат бұрын тұрып, жұмысқа кіріседі, қараса - көршісінің жолы тап-таза. Үшінші күні де көп қар түседі. Бірінші көрші одан да ерте тұрып тазалауға кіріседі, ал көршісінде – жолы тағы да түп-түзу, айнадай жарқырап жатыр! Сол күні олар көшеде кездесіп, ананы-мынаны айтып сөйлесіп қалады, сол жерде бірінші көрші екіншісінен сұрайды:
- Тыңдашы, көрші, сен есігіңнің алдындағы қарды қай уақытта жинап үлгересің?
Екінші көрші алдымен таң қалады да, соңынан күліп жібереді:
- Мен оны тіпті де жинамаймын – маған достарым көмекке келеді!
1-тапсырма
Мәтіннің тақырыбын анықта.
2-тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Бірінші көрші қарды тазалауға қай мезгілде шығады?
2. Мәтінді қалай атауға болады?
3. Бірінші көрші қандай адам?
4. Екінші көрші не деді?
3-тапсырма.
Берілген сөздерді қатыстырып «Білімді жастар - ел болашағы» тақырыбына диалог құрастырыңыз. «Сөйлеуші →тыңдаушы» позициясын ауыстырып отырыңыз.
Тірек сөздер: көркейту, ізденгіш, зерек, еңбексүйгіш, еңбекқор, зерек, белсенді, отан сүйгіш, ақылды, білімді
Үлгі:
- Сәлем Айдос. Қалың қалай?
- Сәлем, жақсымын.
- Айдос, еліміздің болашағы кімнің қолында деп ойлайсың?
-
- Еліміздің дамуы үшін жас ұрпақ қандай болуы керек?