Жазылым. Оқылым Мәтінді оқы.Диалог құрастыр. 7 сұрақ-7 жауап
29.11.1902 жылы Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Жауыр тауында дүниеге келген. Ең алғашық «Сәрсен мен Болат» әңгімесі 1927 жылы жарық көрді. 1940 жылы Қарағанды шахтерлерінің өмірінен жазылған «Өмір не өлім» атты тұңғыш романы жариялнды. Ол 2 мәрте Ленин,2-дәрежелі Отан соғысы еңбек Қызыл ту ордендерімен және көптеген медальдармен мараппатталған. «Шығанақ» романы тарыдан мол өнім алу жөнінен бірнеше дүркін дүниежүзілік рекорд жасаған әйгілі диқан Шығанақ Берсиев өмірінен алып жазылған. Романда өмірдің талай бел-белесін басынан кешірген шығарманың бас кейіпкері Олжабек бейнесі Мәтін жазылған парақша таратылады. Роман шынайы өмірден алынған өзінің типтік сипатымен миллиондаған орта шаруаның жол айырықтағы әуре-сарсаңын шыншылдықпен әйгілейді. Яғни, роман Шығанақ өмірі мен оның еңбегін негізге алғанмен,Мұстафиннің Шығанағы – өмірдегі тарышының өзі емес, әдеби жиынтық бейнесі. Осы материалдар негізінде жазушы қазақ шаруалары өмірін, табысты жолын көрсетуді және адам мен табиғат арасындағы өмірлік тартысты жаңа жағдайда суреттеуді көздеген. Өмір бойы табиғаттан алуға ұмтылған, бірақ жарымаған шаруа еңбегі жаңа дәуірде, өркендеу жағдайында іске асқаны– романның басты тақырыбы.