6-тапсырма. Н.Төреқұловтың сөзін оқып, мазмұнын төрт-бес сөйлеммен жеткізіңдер. Жазу – ескі өнер. Білімгерлер жазудың тас дәуірінде шыққандығын айтады. Ол дәуірдегі адамдар көргенін тасқа сурет қылып салған. Қазіргі заманда әр ұлттың өз жазуы, өз әліпбиі бар. Бірақ дүниедегі барлық жазудың атасы «сурет жазуы» екені белгілі. Баяғы ескі түркіде өздерінің шығарған бірнеше жазуы болған. Соның бірінші өрнегі «Орхон жазуы» делінген. Яғни, исламнан бұрын түркі елдерінде осындай айрықша жазулар болған. Бұл ескі түркі жазулары XIV-XV ғасырларға дейін жасап келді. Түркілер арасына мұсылман діні кіріп, сіңгеннен кейін де көп ғасырлар түркі елдері өздерінің ескі жазуларынан айрылмай келді. Араб жазуының қолайсыздықтары көп. Әріптердің түрі бір-біріне жақын. Бір-бірінен айырмасы аз әріптерді оқи-оқи көз бұзылады. Араб әрпін музыкада қолдану ыңғайсыз. Ноталар сан таңбалары сияқты солдан оңға қарай жазылады. Ал араб жазуында керісінше, Оңнан солға қарай жазылады. Н.Төреқұлов 17

ktukhfatulin1 ktukhfatulin1    2   21.09.2021 15:37    100

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi