1. қазақстанда қалалық мәдениет ерте ғасырлардан басталған.
ежелгі қазақстан жерінде отырар, түркістан, мерке, аспара, тараз,
талғар, құлан, құмкент, жаркент, сайрам, сарайшық, алматы және
т. б. көптеген көне қалалар болған. отырар қаласы арыс пен сырда-
рия өзендерінің қосылған тұсында орналасқан. ежелгі отырар қыштан
салған тамдары бар, көшелері кең, керуен кіріп-шығатын қақпалары бар
көрікті қала болған. осы қалада әлемнің екінші ұстазы – әбу насыр әл-
фараби туған.
түркістан қаласы ұлы жібек жолының бойында орналасқан.
«түркістан» сөзі «түріктер мекені» дегенді білдіреді. түркістанда қожа
ахмет ясауидің кесенесі бар («сен білесің бе? » энциклопедиясынан).
2. алматы — әсем, арман қала. қазіргі кезде алматы қаласы — үлкен
мегаполис. ол күннен-күнге көркейіп, өсіп келеді. зәулім ғимараттар
ерекше әдемі.
ауылдық жердегідей емес, алматыда қызу тіршілік бір тоқтамайды.
мен достарыммен ойын-сауыққа барамын, отшашуды тамашалаймын.
лауызға түсемін. мен алматыны жақсы көремін.​

aurantiuma aurantiuma    1   30.09.2019 17:16    21

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi