5. Оқылым материалын негізге ала отырып, «Уәдеге адалдық» тақырыбында шығарма жазыңдар. Ең үздік жұмысты «Басбармақ» әдісімен бағалаңдар.

dias2050 dias2050    3   01.03.2021 12:23    12

Ответы
dashamedakina dashamedakina  31.03.2021 12:27

Уәдеге адалдық.

Халқымызда:Уәде-құдай аты-деген сөз бар.Адамның адамгершілігі,адалдығы-уәдесінің беріктілігіменде,оны орындаудағы мықтылығыменде өлшенеді.Сіздерге уәдеге адалдық тұрғысында бір әңгіме айтайын.Ертеде бір жігіт байқаусызда өзге ауылдың бір жігітін өлтіріп алады.Өлген жақтың жұрты:Қанға-қан,жанға-жан беруді сұрап,жігіт өлім жазасына кесіледі.Әлгі жігіт 3күн рұқсат сұрапты."Менің елім алыс еді,еліме барып,қарыздарымды беріп,хоштасып келейін",-деп мұрсат сұрап,қайтып келуге уәде береді.Кім кепіл етеді?-деп халықтан сұрағанда бір қария шыққан көрінеді.Сонымен жігітті еліне жібереді.Уәделі күні жігіт жоқ,қарияға обал болды ау-деп тұрғанда қара терге түсіп, жүкіріп келе жатқан жігіт көрінеді ғой.Жігіттің уәдесіне берік екендігін,өлімнен қорықпай келіп тұрғанына ел сүйсініп,оны кешірген көрінеді.Кейін жігіттен неге қашып кетпей,келгенін сұрағанда:Мен келмесем бүкіл мұсылман қауымының сертке беріктігі бұзылама деп қорықтым,-деген екен.Сертінде тұрып,уәдесін орындаған адам ол шыншыл әрі әділ,адал адам.Уәдені орындаудың ең дұрыс жолы-уәдені бермеу,-деп Наполеон Бонопарт айтқандай уәдені орындауға шамаң келмесе уәде бермеген жөн.Уәде бердің екен,уәдеңе адал бол.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi