5. берілген сөздерді пайдаланып, қиялдарыңдағы барсакелмес аралы
туралы ертегі құрастырыңдар.
үлкен-кіші, болған-мыс, ақ-қара, дау-талас, дәм-тұз,
айла-әрекет, ат-арба, ата-баба, тап-таза, ұшан-теңіз
көмектесіңіздерші өтінем!
! ​

Biserka1999 Biserka1999    3   14.09.2019 19:09    200

Ответы
veronika4848 veronika4848  07.10.2020 15:00

Барсакелмес аралы.

Арман қатты шаршады. Бүгіндікке оның мүлдем жолы болмады. Таңертең сабағына кешігіп қала жаздады. Сол асығыстықтан қазақ тілінен үй тапсырмасын үйінде ұмытып кетті. Мұғалімнен бір ұрыс естіді. Үйге келген соң анасының сүйікті кесесін абайсызда сындырып алды. Анасынан тағы бір мәрте айқай естіді. Досы Бекзат бүгін үйіне келіп, бірге фильм қараймыз деп өткен жолы уәде берген. Ал бүгін келе алмайтынын айтып Арманның көңілін одан әрмен түсірді. Ол ешкім таппайтын басқа бір жерге жалғыз өзі кеткісі келетінін ойлап ұйықтап қалды.

Түс көрді. Қараса су жағасында жатыр екен. Тап-таза теңіз суының үлкенді-кішілі толқындары жағаға ұрып тұр. Орнынан тұрып белгісіз аралға тап болғанын байқады. Айқайлап, дауыстап жан-жағын аралап шықты. Оның ішін дау-талас билеп алды. Қатты қорықты. Кенет ат-арбаны көрді. Оған дейін де біреулердің болғанын, ата-баба ізі жатырғанын көріп қуанды.

Арал ұшан-теңіз ағаштарға, небір өсімдікке толы. Оның таңғалдырғаны ақ-қара кактустар болған-мыс. Қарны да ашты. Ас етер дәм-тұз табу үшін айла-әрекетке көшу керектігін түсінді. Шырмауықтан қақпан жаса кішкене құстарды аулады. От жағып, пісіріп жеді. Таныс емес жемістерді де көрді. Кеш болды. Ұйқысы келген соң, пальманың жапырақтарынан шатыр жасап айналадағы шыққан дыбыстардан қорқып ұйқыға кетті...

Арман ұйқысынан оянды. Бұның жай ғана түс екеніне қатты қуанды. Бұл жайған сәтсіз күн екенін есіне салды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi