4. Жақша ішінде берілген синонимдік қатардағы сөздердің тиістісін қойып жазыңдар.
Себебін түсіндіріңдер.
Жұмсақ нан пісіру өнері (ертедегі, баяғы замандағы, бұрынғы, көнедегі)
мысырлықтардан гректер мен римдіктерге көшкен. Грекияда ашытылған
қамырдан пісірілген нан жөнінде алғаш рет біздің заманымызға, дәуірімізге,
уақытымызға) дейінгі V ғасырда ауызға алынған. Алайда ондай (нан, тағам,
ас) сапалы пісірілген дәмді тамақ (деликатес) саналып, тұщы наннан әлдеқайда
қымбат тұрған. Өз (шығармалары, еңбектері, өлеңдері, романдары) кейіпкер-
лерінің тамақ ішуін сипаттап жазған Гомер Грекияның ақсүйектері нанды «өз
алдына бөлек тағам» деп (есептегендігі, санағандағы, ойлағандығы) туралы
дәлелдемелер қалдырды.