4-тапсырма. Мәтінді тыңдаңдар (5-аудио). Сұрақтарға жауап беріңдер: 1. Елімізде алғашқы латын әліпбиі қашан құрастырылған?
2. Оны кім құрастырған?
Қазақтар арасында латын әліпбиіне көшу мәселесі өткен ғасыр-
дағы 20-жылдың орта тұсынан бастап сөз бола бастады. Осы жөнінде
қазақ оқымыстылары ба з беттеріне арнайы мақала жазды.
1920 жылдары, яғни араб жазуын қолданыстан мүлдем шығарып,
латын әліпбиін қабылдау алдында, қазақ зиялылары арасында
пікірталастар болды. Соңында латын графикасы негізіндегі әліпби
жүйесіне көшу жұмысы басталды. Жалпы Шығыс елдеріне жақын
орналасқан мемлекеттерге латын әліпбиінің енуі 1924-32 жыл-
дар аралығын қамтиды. Сол кезде дүниежүзі латын графика-
сын қабылдау мақсатын жүзеге асырды. Осы жаһандық мәселеге
байланысты біздің елімізде латын графикасы қабылданды.
Латын графикасы негізінде әліпби жүйесін алғаш құрастырған
қазақтың дарынды дипломаты Нәзір Төреқұлов. Жобада 28 дыбысқа
28 әріп арнаған.
Н.Әміржанова