4-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Тірек сөздерді анықтап, тақырыбын қойыңдар.
Судың табиғаттағы және халықшаруашылығындағы маңызы зор.
Қазақ халқы: «Сулы жер – нулы жер», - дейді. Су – табиғи байлық. Су
болмаса, тірі ағза өледі. Су санитарлық және шаруашылық тұрмысқа
да керек. «Тазалық - денсаулық кепілі», - дейміз. Су болмаса, тазалық
та болмайды. Судың емдік қасиеті өте зор. Мысалы, белгілі Ессентуки
суы құрамында ас тұзы және тағы да басқа минералды элементтер бар.
Ақжайық суында гидрокарбонат: хлорид, магний, кальций, натрий
элементтері бар.
Су еріткіш қасиетке ие. Егер минералды тұздарды ерітетін су болмаса,
өсімдік тамыры соншама қажет заттарды өз бойына сіңіре алмас еді.
Қазіргі кезде өндірістің бірде-бір саласы сусыз жұмыс істемейді және
дами алмайды. Мысалы, 1 килограмм қағаз өндіруге 100 литр, 1 тонна
цемент өндіруге 4500 килограмм су қажет. Электр энергиясын өндіруге,
ауылшаруашылығында жайылымдарды суландыруға да су қажет. Суды
әртүрлі жүк тасымалдауға, ағаш ағызуға пайдаланады.