3 - тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1 - мәтін Ғалымдардың болжамы бойынша , әлемде 2030 жылға таман бүгінгі қолданыстағы 57 мамандық мүлдем жойылып , 186 жаңа мамандық дүниеге келеді екен . Өткен жылғы Давос экономикалық форумында 2020 жылы әлемдегі 2 млн жаңа жұмыс орны ашылып , 7 млн - нан астам жұмыс орны қысқаратындығы айтылды . Себебі интеллект пен роботты техника дамиды екен Сарапшылардың айтуынша , болашақта кеңсе қызметкерлеріне деген сұраныс күрт төмендейді , себебі озық технологиялар адамдардың орнын алмастырады . Бұл ретте ең алдымен , икемділік пен іскерлікке ерекше басымдық беріледі . Сонымен бірге , ортаға жылдам бейімделу және сабыр , жұмыс істеудегі жоғары қабілеттілік , тұрақсыздықтың алдын ала білу , білімін үнемі арттыру сияқты қасиеттер мен дағдылар қажет болады . Ал ертеңгі интеллектуалды болашақ мамандығының негізі жан - жақты сапалы білім . Қазір қазақстандық жоғары оқу орындары 200 - ден астам мамандық түрлері бойынша кадрлар , 330 мыңнан астам бакалаврлар даярлайды . Бұл мамандықтардың басым көпшілігіне қазірдің өзінде сұраныс жоқ . Ел экономикасы үшін осынша бакалавр қажет пе ? Ал еліміздің еңбек нарығында әртүрлі экономикалық мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер саны 13 пайыздан аспайды . 1 - тапсырма Мәтіннен үстеу түрлерін жазып , мағынасын ажыратыңыз . Мысалы : 2030 жылға таман таман – қашан ? Мезгіл үстеу , ... ( ) 2 - тапсырма Мәтіннен салт және сабақты етістіктерді теріп жазыңыз ( ) Мәтінге тақырып қойыңыз ( ) 2 - мәтін . Данияр Елеусінов Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданында дүниеге келген - қазақстандық әуесқой боксшы . Ол – 2013 жылғы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионы , 2010 және 2014 жылдардағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы . 2016 жылғы Бразилияда өткен Олимпиадада чемпион атанған халықаралық деңгейдегі спорт шебері . Даниярдың әкесі - оның бала кезінен бергі жаттықтырушысы . Данияр кішкентайынан шыдамды , төзімді , тұйық болып өседі . Боксқа мектеп кезінен қатысып , туған ағасы Дәуренмен бірге үздіксіз дайындалады . Ағасы да халықаралық дәрежедегі боксшы Боксшы болу үшін көп еңбектеніп , тер төгіп жаттығу керек . Жеңіс оңайлықпен келмейді . Қаншама қарсыласын ұтуы тиіс . Боксшы үшін тек күш емес , айла мен тәсіл , тәжірибе де аса қажет . Боксшының балалық шағы Батыс Қазақстанда өтеді . Қазір Данияр үйленген . Отбасы , балалары бар . Ата - анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды . Бүгінгі таңда боксшы отбасымен Елордамыз Астанада тұрып жатыр . Ал туған ағасы шетелде тұрады . 3 - тапсырма Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрыңыз . ( ) Мәтінге тақырып қойыңыз ( )4 - тапсырма Жазылым Боксшы болу үшін көп еңбектеніп , тер төгіп жаттығу керек . Жеңіс оңайлықпен келмейді . Қаншама қарсыласын ұтуы тиіс . Боксшы үшін тек күш емес , айла мен тәсіл , тәжірибе де аса қажет . Боксшының балалық шағы Батыс Қазақстанда өтеді . Қазір Данияр үйленген . Отбасы , балалары бар . Ата - анасы 2007 жылы Астанаға қоныс аударды . Бүгінгі таңда боксшы отбасымен Елордамыз Астанада тұрып жатыр . Ал туған ағасы шетелде тұрады . морфологиялық талдау жасаңыз ( зат есім , сын есім , сан есім , есімдік , етістік , үстеу !!


3 - тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1 - мәтін Ғалымдардың болжамы бойынша , әлемде 2030
3 - тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1 - мәтін Ғалымдардың болжамы бойынша , әлемде 2030

Маша270902 Маша270902    1   15.03.2021 13:05    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi