2- Тапсырма. « Сүйіспеншілік – жүректе» Шәкәрім Құдайбердіұлының сөзін
қалай түсінер едіңдер? Фразеологизм,
мақал- мәтелдерді қолдана отырып,
қысқаша әңгіме құрыңыз. Әңгіменің
құрылымын сақтаңыз /кіріспе, негізгі,
қорытынды бөлім

Көмек​

Belka1712 Belka1712    3   09.12.2020 06:00    0

Ответы
thecrazynon1098 thecrazynon1098  09.12.2020 06:10

Сүйіспеншілік - осы бір ғана сөз бүкіл әлемді өзіңе жақындата түскендей болады. Жер бетіндегі қаншама тіршілік иесінің бойындағы осы құндылық ең нәзік те, мөлдір, тұп тұнық өзінше бір үлкен мәнге ие. Әттең осы құндылықты әрбір адам бағалап өз жүректерінде гүл ашуына ықпал етсе ғой шіркін, жер беті дәл қазіргі қалпынан басқаша болар ма еді Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі а ң тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сондықтан адамзат, қоғам, дәуір, заман алмасуын қанша рет бастан өткізгені белігісіз. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады.       Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүпіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы а ң, бір – біріне  мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.Кешегі өткен қоғамымызда еларалық достық, сүйіспеншілікті сақтау жолында көптеген жұмыстар атқарылғанымен, өміршең болмады. Оның себебі, ол кезде сүйіспеншілік, достық қатынастарда жасандылық басым еді. А ң бойындағы сүйіспеншілік азайған сайын онын көргені мен естігені, жасаған іс әрекеттерінде бақталастық пен сенімсіздік, әділетсіздік пен зұлымдықтың оты тұтана бастайды. ХХ ғ екінші жартысында бүкіл әлемді дүр сілкіндірген техникалық революция нәтижесінде бүкіл а ң тыныс тіршілігіне ғана емес жан дүниесінің өзгеруіне сана сезімдерінің өсуі мен бірге улануына акеліп соқтырды емес пе. Әрине жеңіс бар жерде бақталастық, өсу бар жерде қызғаныш, даму бар жер де көреалмаушылық қасиеттердің қатар жүретіні баршамызға аян. А ң сол жиркенішті қасиеттердің өзіне әкелер зиянын білетұра өз бойындағы сүйіспеншілік сезімдерін тұншықтырып, жағымсыз қасиеттің бой алуы.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi