2 - тапсырма. Берілген эпизодтардағы бейнелерді анықтаңыздар, олардың іс-әрекетін өзара салыстырыңыздар. Пристав кетті: «Еріксіз аламын, - деп, -
Көресің бұл істі! - деп, - кезегінде!».
Бәрін де ол пристав жаттап алды,
Басшыларын қағазға хаттап алды.
Аттандырып бұл елге солдаттарын,
Басты-басты кісіні саптап алды.
Сырттағы жүр: «Біз енді қайтеміз?» - деп,
Губернатор жандарал жауапқа алды:
«Жайлауда ту көтеріп шапқан кім?» - деп.
Ешқайсысы айтпаған соң, айғай сап кеп,
Өзі айтты жандаралдың «Бекболат!» деп.
Бекболат бола қалса ту көтерген,
Бұйрық қылды: «Дараға асып, тарт!» деп.
Қалиқұлды бірге жазды дарасына,
Байбосын қоса кетті арасында.
...Аттандық ұлығының қонысына,
Елді сорған борсықтай болысына.
Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып
Көксеген азаттықтың соғысында.