2-тапсырма. «Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлі қандай?» деген тақырыпта өзойыңызды білдіріңіз. (80-90 сөз)

Авитя1 Авитя1    2   11.03.2022 10:38    1

Ответы
dimabolnygin dimabolnygin  11.03.2022 10:40

Қазіргі Ақпарат ғасырында

бұқаралық ақпарат

құралдарының рөлі ерекше.

Бұқаралық ақпарат құралдары

әлеуметтік қажеттіліктердің

қатарынан бастау алады.

Бұқаралық ақпарат құралдары

Қоғамдық санаға әсер етіп,

қоғамдық пікірді туғызады,

қоғамның бір-бірімен

байланысын қамтамасыз етеді.

Кім ақпараттқа ие болса, сол

кезкелген мәселенің шешімін

табады. Ақпараттық кеңістікте

Интернет ролінің өсуімен

адамның және қоғамның

құқықтары мен

бостандықтарын зорлық жасау

мен қатыгездікті насихаттайтын

ақпараттан, оларға өтірік және

жалған ақпаратты таңудан,болашақ ұрпақтың мақсатты

бағытталған теріс

дүниетанымын

қалыптастырудан қорғау

қажеттілігі туындайды. Ақпарат

елдің тұрмысына, көңіл-күйіне,

мінез-құлқына әсер етеді.

Сондықтан бұқаралық ақпарат

құралдарының қоғамдық санаға

әсерін, қоғамдық сананы

қалыптастырудағы рөлі,

Қазақстандағы ақпарат

нарығының қазіргі жай-күйіне

талдау жасау өте маңызды

мәселелер қатарына жатады.

БАҚ туралы заңда бұқаралық

ақпарат құралы - мерзімді

ба өз басылымы, радио және

теледидар бағдарламасы,

киноқұжаттама, дыбыс-бейне

жазбасы және көпшілік ҚОЛ

жеткізе алатынтелекоммуникациялық

желілердегі (интернет және

басқалары) WEB-сайттарды қоса

алғанда, бұқаралық ақпаратты

мерзімді немесе үздіксіз жария

таратудың басқа да нысаны

делінген [1].

Қоғамдық сана - қоғамның

рухани өмірінің, адам ойында

шындықтың бейнеленуінің

барлық түрін қамтитын

қоғамдық идеялар, теориялар,

саяси, құқықтық адамгершілік,

эстетика, философия, діни

көзқарастар, ғылыми білімдер.

Қоғамдық сана әлеуметтік

сезімдер мен көңіл-күйлерді,

әдеп-ғұрыптар мен мінез - құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, ұлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. БАҚ бүкіл қоғамға әсер ете отырып,

барлық жекелеген адамдардың бойына белгілі бір эмоциялар

мен әрекеттерді қалыптастырады. Осылайша БАҚ қоғамдық пікірді

қалыптастырады. Қоғамдық пікір - адамдардың белгілі бір мәселеге, әлеуметтік өмірдің әр түрлі құбылыстарына, әлеуметтік топтар мен жеке тұлғаларға көзқарасын білдіретін қоғамдық сананың ерекше түрі. БАҚ қоғамдығы өзекті әрі маңызды мәселелерге шолу жасағанда қоғамдық пікірге сүйенеді. Бұдан қоғамдық пікірдің БАҚ-тың қызметін анықтайды деген Қорытындыға келеміз. Ал қоғамдық пікір - қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің бүкіл қоғамға әсер ете отырып,барлық жекелеген адамдардың бойына белгілі бір эмоциялар мен әрекеттерді қалыптастырады.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi