2. Мәтінді тыңда және оқы. Өз болжамыңды тексер. Дауылпаз - ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа беріліп
келе жатқан мәдени мұра. Дауылпазды, менің білуімше,
ата-бабамыз соғыста (әскери жорықта) қолданған. Өз әске-
ріне белгі берген. Кейде бақсылар да дауылпазды ауруды
емдеу кезінде қолданған. Оған қоса аң аулау кезінде оны
аңшылар да пайдаланған. Бүгінде дауылпазды «музыка-
лық аспап», - деп білеміз.
Кеше «жаршыны» көргенде қатты қорықтым. «Жау
келді», - деп түсіндім. Бұрынғы заманда дауыс күшейткіш,
газет пен журнал болмаған. Жаршы халықты өзіне қарату
үшін дауылпаз соғады. Көне ғасырда дауылпаз өте маңыз-
ды құрал болған.