123-сабақ Менің қиялымдағы мектеп
Мәтінді оқы. Бағала.
Болашақтың мектебін мен былай елестетемін. Мектеп
ғимаратының қабырғасы кірпіштен қаланған болады. Ал
оның төбесі әйнекпен жабылған болуы керек. Сонда мек-
тептің іші жарық әрі кең болып көрінеді.
Менің ойымша, болашақта оқушылар мұғалімсіз-ақ
сабақ оқитын болады. Олар тапсырмаларды интернет же-
лісі арқылы орындайды. Мұғалім сабақты кейде топпен,
кейде жеке өткізеді. Ең қызығы, менің қиялым бойынша,
оқушылар мектепке оқулық пен оқу құралдарын тасы-
майды. Олардың барлығы электронды үлгіде болады деп
ойлаймын.
Кейбір пәндерді де оқушылар өздері таңдап оқуы мүм-
кін. Бұл, әрине, менің қиялым ғана.
иә
жоқ
Сұрақтар
Мектеп ғимараты туралы мәлімет бар ма?
Мектептің сыныптары туралы ақпарат
бар ма?
Оқу-құралдары туралы оқушы жазған ба?
Мектепте оқытылатын пәндер туралы
ақпарат бар ма?
Оқушы «қажет» және «керек» сөздерін
қолданған ба?
Жазылымда ғы/гі/қы/кi + келеді
құрылымы бар ма?
62