Орында (выполни) 2-тапсырма. Сұрақ-жауап ( Используя текст ответь на вопросы). Құлақтан кіріп, бойды алар...» - Абайдың 1897 ж. М. Ю. Лермонтовтың «Звуки» атты шығармасының сарынымен жазған өлеңі. «Құлақтан кіріп, бойды алар...» – Абайдың өлең, ән-күй туралы жазылған идеялық жағынан өте күшті, көркемдік қасиеті де соған әбден сай келген тамаша шығармасының бірі. Тақырыбы, идеясы жағынан ол ақынның «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Біреудің кісісі өлсе, қарапы ол...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...», «Адамның кейбір көздері...» сияқты шығармаларымен тығыз байланысты. Бұл өлең Абайдың көркем шығарманы, ән-күйді жоғары бағалағандығының анық айғағы. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны ИбраҺим Құнанбайұлының өлеңі» атты жинақта жарияланған. Абайдың бұл өлеңіне компoзиторлар С. Мұхамеджанов, А. Гурьев ән-романстар жазған.
Орында (выполни) 1. Өлең не туралы?
2. Өлең қай жылы жазылды?
3. Алғаш рет қашан жарық көрді?
4.Өлеңге кім ән-романс жазды?