1-тапсырмн Мәтінді мұқият тындап, мазмұндаңыз, ондағы тірек сөздерді, негізгі астие қосымша ақпараттар мен көзқарастарды табыңыз, Достар Үшеуі бала кезден дос болатын. Бір сыныпта оқыды, бір ауылда остi, бiр калала ясоғарғы оқу орнын бітірді. Елдегі жегішбек деген бастықтың тілін татқан соң Сынапбек пен Жагымпаздың жолы болып, аттарына сай біткен мінездерінің арқасында қызметтері тез көтеріліп, дөңгеленген дүние бітіп, өмірде жолы болыңкырамай жүрген Шындыкбекті шете қағыңқырап, онымен барыс-келісті доғарып, «бала кезден бергі достарымыз еді» - деп айтуға намыстаныңқырап жүрген кездері еді. Бірде елге Тазабек деген адам бастық болып келді де сынаптай сырғанаған Сымалбек пен Жағымпазды орнынан алып, шындық үшін шырылдап жүрген Шындыкбекті жоғарғы қызметке қойды. Жетімді жебеп, жұмыссызға жұмыс тауып, ашты тойындырып, асқақтағаны сабасына түсіріп, Шындықбегініз біраз жұмыстың басын кайырды. Қазыналары ортайып, қызметтен шеттетілген Сынапбек пен Жағымпаз бала күндегі достары Шындықбекке келіп біреуі сынаптай сырғып, екіншісі жағымпазданып, араларында ештеңе болмағандай күй танытты. Шындықбек бала кездегі достарын жылы кабакпен карсы алып, келешекте дос болып қалуды құп көрсе, Сынапбек пен Жагымпаз деген аттарын «Мейірікөп» пен «Жайдары» деп өзгертулерін өтініп, сол атқа лайық болуды сұранды. «Енді өзгереміз» -деп ыдыкбектен шыққан Сынапбек пен Жағымпаз елдің патшасы Түгел Саткышбекке жоғарғы қызметтегі Шындықбектің үстінен сокты-барды теріп, «ішіп-жеді»- деп, ең акырында өздерінің Сынапбек, Жағымпаз деген керемет аттарын «Мейірікөп» пен «Жайдары» деген қайдағы аттарға күштеп өзгертіп жатқаны туралы арыз жазуға кірісіп кетті... (Одебиет тарталы, 04.05.2014)