ЕТІСТІКтің шақтары» тақырыбы бойынша тест орындаңыз.
1. Көсемшенің жұрнағы бар сөздер қатарын көрсетіңіз.
Түнде тұрып, түн ұйқынды төрт бөлдің,
Тыныш ұйықтасын деп аз сөйлеп, аз күлдің.
А) Ұйықтасын, тыныш. В) Ұйқынды, түнде. С) Күлдің, бөлдің. Д) Тұрып, сөйлеп. Е) Бөлдің, аз.
2. Қазақ тілінде етістіктің неше шағы бар?
А) 2. В) 3. С) 4. Д) 5. Е) 6.
3. Күрделі нақ осы шақ етістігін табыңыз.
А) Келіпсің. В) Тыңдап отыр. С) Шыдамайды.Д) Келмеді ғой. Е) Ұнамайды.
4. Ауыспалы осы шақтың жұрнағын
белгілеңіз.
А) –ып, -іп, -п. В) -ып,- іп,-а, -е. С) –а, -е, -й.Д) –а, -е, -й, -п. Е) –ыр, -ір, -р.
5. Етістіктің жедел өткен шақ түрін табыңыз.
А) Баяндалған. В) Баяндады. С) Баяндама.Д) Баяндар. Е) Баянда.
6. Жедел өткен шақтың жұрнағын табыңыз.
А) –ды, -ді, -ты, -ті. В) –атын, -етін, -йтын, -итін.С) –ған, -ген. Д) –ар, -ер, -р. Е) –ып, -іп, -п.
7. Етістіктің бұрынғы өткен шақ түрін табыңыз.
А) Жүзген. В) Жүзді. С) Жүзбек.Д) Жүзер. Е) Жүзеді.
8. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
А) Қарама. В) Қарармын. С) Қарағансы.Д) Қарадым. Е) Қарамақпын.
9. Бұрынғы өткен шақтың жұрнағын табыңыз.
А) –ды, -ді, -ты, -ті. В) –атын, -етін, -йтын, -итін.С) –ған, -ген, -қан, -кен.Д) –ар, -ер. Е)мақ-мек-бақ.
10. Ауыспалы осы шақта тұрған сөзді табыңыз.
А) Оқы. В) Оқып. С) Оқимын.Д) Оқысың. Е) Оқыған.
11. Ауыспалы келер шақтың жұрнағын табыңыз
А) –мақ, -мек, -бақ, -бек. В) -етін, -йтын, -итін.С) –а, -е, -й. Д) –ар, -ер, -р. Е) –ып, -іп, -п.
12. Етістіктің ауыспалы келер шағын табыңыз.
А) Ұйықтаймын. В) Ұйықта. С) Ұйықтадым.Д) Ұйықтамадым. Е) Ұйықтарсың.
13. Етістік жауап беретін сұрақты көрсетіңіз.
А) Қалайша? В) Не істеп? С) Нешінші?Д) Неге? Қалай? Е) Не істеді? Кім?
14.Ауыспалы өткен шақтың жұрнағын табыңыз.
А) –ды, -ді, -ты, -ті. В) –атын, -етін, -йтын, -итін.С) –ған, -ген. Д) –ар, -ер, -р. Е) –ып, -іп, -п.
15. Қай сөйлемде «ма» болымсыз етістік жұрнағы дұрыс жалғанғанын белгілеңіз.
А) Балама айт. В) Бұл да бір амал ма? С) Сен ойлама. Д) Балдай тәтті алма. Е) Ол жақсы бала ма?
16. Болжалды келер шақтың жұрнағын табыңыз.
А) –мақ, -мек, -бақ, -бек. В) -етін, -йтын, -итін. С) –а, -е, -й. Д) –ар, -ер, -р. Е) –ып, -іп, -п.
17. Сөйлемнен етістікті анықтаңыз. Өз отбасымыз ұлттық дәстүрлерді сақтаймыз.
А) Өз. В) Отбасымыз. С) Ұлттық. Д) Дәстүрлерді. Е) Сақтаймыз.
18. Жалаң нақ осы шақты табыңыз. А) Бар. В) Кел. С) Айт. Д) Күл. Е) Жүр.
19. Мақсатты келер шақтың жұрнағын табыңыз.
А) –мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек. В) -ды, -ді, -ты.С) –а, -е, -й. Д) –ар, -ер, -р. Е) –ып, -іп, -п.
20. Қимылды білдіретін сөзді анықтаңыз.
А) Ойна. В) Түн. С) Жоғары. Д) Дауыс. Е) Күндіз.
21. Етістікті анықтаңыз.
А) Бесінші. В) Ол. С) Аспазшы. Д) Келші. Е) Қызғылттау.