1-тапсырма 1. Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер (3 сұрақ) 2. Неологизм сөздердің астын сызыңыз. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады. 2019 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталды. Қазіргі уақытта астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 1 млн асады. Қала төрт ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр» ауданынан тұрады. Нұр-Сұлтан Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады. Ауа райы күрт континентальды – қысы суық әрі ұзақ, жаз мезгілі ыстық және бірқалыпты қуаң. Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы Астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналдырды. Мәтін бойынша сұрақтар: 1. Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына қай жылы, қандай ұйымның шешімі бойынша ие болды? 2.Астанамыз 2000жылы қандай мәртебеге ие болды? 3.Астананың транзиттік көпірге айналуының себебін айтыңыз 2-тапсырма Тест тапсырмалары 1.Термин сөзді тап. а)Қарындас в)Жолдас с)Эпитет д)Қызықты е)Қызғылт 2.Терминдерге тән белгі а)Көнерген сөздер болады в)Жаңа сөздер с)Кәсіби сөздер д)Ғылым мен техника салаларындағы сөздер 3.Кәсіби сөздер қанша салаға бөлінеді? а)1 в)2 с)3 д)4 е)5 4.Диалект сөзді табыңыз. Асқаров Мараттың баратын жері алыстұғын. а)Асқаров в)Мараттың с)баратын д)жері е)алыстұғын 5.Түйе шаруашылығына байланысты кәсіби сөздер. а)футбол,ғарыш.делдал в)садақ,жебе,бәйбіше с)нар,қоспақ,үлек 6. Неологизм сөздерді тап а)Махаббат, тұрмыс, төлқұжат в)Ел,елдік,азаматтық с)Ана,әке,ата д)Жүз,күз,ет е)Делдал, құжат, сұхбат 3-тапсырма Мәтіндегі орфографиялық, пунктуациялық қателерді табыңыз. Театрда қойылым барысында көп сойлемей, анда мұнда шығып, көп қозғалманыз. Актерге кері әсерін тигізуініз мүмкін. Ұялы телефоныңызды сөндіруді немесе дыбысыз режимге қоюды ұмытпаңыз. Трагедия болса, өте қаты жыламаңыз. Комедия болса өте қатты күлмеңіз; көрермендердің назарын өзіңізге аудартып аласыз.