1.Неологизм дегеніміз не? 2.Неологизм қандай жолдармен жасалады?
3.термин сөздер дегеніміз не?
4.қазақ тілінде қандай ғылыми терминдер бар?
көмектесіндерші


1.Неологизм дегеніміз не? 2.Неологизм қандай жолдармен жасалады? 3.термин сөздер дегеніміз не? 4.қаз

vvi1310 vvi1310    1   16.11.2020 08:18    0

Ответы
Gbr330 Gbr330  16.12.2020 08:19

ответ:суворовшылар, мичуриншілер, жүйе (система), шарт (договор), шөгінді (осадки), т.б.

Объяснение:Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.

Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:

Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.

Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.

Екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық т.б.

Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехникалық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, шаруашылық дақылдары т.б.

Жаңадан енген сөздердің тың, жаңа екендігі аңғарылып, сезіліп тұрғанда ғана неологизм болады. Уақыт өткен сайын кейбір сөздер үйреншікті, бұрыннан да бар сөздер секілді болғанда, неологизм болудан қалады.Мысалы:колхоз, комбайн, бригадир, электр, радио, партия т.б.сөздері алғашқы кезде неологизм болса, кейін сөздік қорға еніп кетті.Неологизмдер лексикалық және семантикалық болып екіге бөлінеді.

1.Лексикалық неологизмдерге жаңа заттың ұғымның шығуымен пайда болған сөздер, мысалы: теледидар, космос, ба з, аялдама т.б.

2.Семантикалық неологизмдерге сөзбе-сөз аудару жолымен пайда болған сөздер: Мысалы: жүйе (система), шарт (договор), шөгінді (осадки), т.б.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi