1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұны, сөз қолданыстарындағы айырмашылықтары мен ұқсас тұстарын анықтаңыз. 1-мәтін:

Сұхбат

-Құрметті Сабыр Шәріп мырза,қазіргі таңда Қазақстанды туризм орталығына айналдыру туралы мәселе көтеріліп отыр. «Алыстан арбалағанша,жақыннан дорбала»деген қазақ мақалына сай, өз елімізде де демалатын орындар жетерлік емес пе? Осы орайда өз пікіріңізді ортаға салсаңыз.

-Иә, дұрыс айтасыз. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты себептерінің бірі - географиялық және табиғи шарттар. Жазғы маусымда қазақстандықтар демалыс орындарында демала алады. Бурабай демалыс аймағы өзінің сұлулығы, көлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен - «Қазақстан інжуі» деген поэзиялық атауға ие. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының ауруларын емдейді. Бурабай өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды суымен танымал. Курорттағы ауа, керемет, дала шөптері мен қылқанды орман иісімен қаныққан таза ауа.

2-мәтін :

Нұсқаулық

Саяхат ережесі

Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. А ң ағзасына демалыс кезінде жаңа ортаның климаты, тамағы әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар өршіп жүреді. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаған жөн. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексеріп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз...

Саяхатқа шықпас бұрын:

Барар мекеннің климатын, салтын, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан қарап, біліп алыңыз;

Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алыңыз.

1- тапсырма :

Суреттердегі көріністерді негізге алып, «Жазғы демалыс қызықтары» тақырыбында әңгіме жазыңыз. Әңгімеңізде міндетті түрде кейіпкерлердің болуын ескеріңіз. Қандай да бір оқиға желісіне құрыңыз. Кейіпкерлер арасындағы диалогке мән беріңіз.

Мысалы:

Көптен күткен жазғы демалысқа да шықтық-ау! ​


1. Мәтіндерді оқып, оларды тақырыбы, жалпы мазмұны, сөз қолданыстарындағы айырмашылықтары мен ұқсас

ledilove77 ledilove77    3   03.05.2021 21:18    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi