1.мәселені табыңыз. Мәтінмен жұмыс. Оқу, түсіну
Хан сұлтанның қарулы әскеріне қарсы соғыста
Исатай окқа ұшып, Махамбеттің жалғыздық зарын
шеккеніне сегіз жыл, үш ай. Ұзақ уакыттың ішінде
жасаған сансыз жорығы ойына оралды. Исатайсыз
бастаған ереуілі жеңіліс тапқалы бері Махамбеттің
бармаған жері, баспаған тауы қалмады.
Тұңғыш ұлы Жәңгір ханмен соғыста окқа ұшты.
Ортаншы ұлы Баймағамбет сұлтанмен шайқаста
жараланып өлді. Махамбет ауыр күрсінді. Арыстан
ұлдарын жоқтап,
ішінен жыламсырады. Жүрегі
елжіреп, көкірегі сағынышқа толды. Әуес күйеуінің
кара торы дидары мұңға толғанын байқады. Өзі де
күрсініп еді, көзінің жасы бірге шықты. Жаулығының
ұшымен сүртіп жатып:
Қарактарым бір аунап түсті-ау! - деді.
Махамбеттің де көзіне жас тығылды. Өзін де, жұбайын
да аяп, сыртқа шыға бергенде, Әуес тозығы жеткен
ыдыспен сусын ұсынды. Сапырылған шұбаттың исі
анКЫДЫ.
Тәбетім тартпайды. Өзің іш, - деді Махамбет,