1 из 1 6-сынып. Қазақ тілі №5 сабақ. 3-тоқсан

Бөлім

Су- тіршілік көзі. Қазақстандағы  өзен- көлдер

Сабақ тақырыбы

Жетісу

Сұрау есімдіктері

Сабақ мақсаты

· мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;

· сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану;

Оқулық

М.Жолдашева, Ғ.Отарбаева, Г.Нұрманов. Қазақ тілі. 6 сынып. «Мектеп» ба ж.



І. Кел, тапсырма орындайық!

1-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты теріп жазыңыз:

1-мәтін

"Жер жаннаты-Жетісу"  

 

Сұлулығымен тамсандырған, ақындардың жырына арқау болып, талайларға ән салдырған киелі Жетісуды сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың барлық сұлулығын өз бойына жинап алған Жетісудың өзен-көлдері, тау-тастары мен жазық даласы сан мыңдаған тарихтан сыр шертеді.

      Табиғаты тамсандырған Жетісу өңірінің ең көрікті мекендерінің бірі — Іле өзенінің жағалауы. Іле жағалауында «Көшпенділер», «Мың бала» сияқты тарихи фильмдердің түсірілім жұмыстары өткен.

       Осы бір тамаша мекенде тәуелсіз еліміздің түкпір-түкпірінен келген балдырғандар  балалалықтың бақытына шомылып «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өздерінің демалыстарын тамаша өткізуде. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Балдәурен дәстүріне сай 16 ауысымнан бастап біз демалушыларымызды «Жер жаннаты-Жетісу» атты кеш аясында Жетісу өлкесімен таныстыруды бастадық. Жетісу жайлы сөз қозғасақ, оның ерекше табиғаты жайлы айтпай өту мүмкін емес. Жетісуды ежелгі Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпалары мекен еткен. Бұл тайпалардан бізге қалған баға жетпес мұра – Тамғалы тас. Шарын шатқалы, Көлсай жайлы естімеген адам аз. Қайыңды көлі де Жетісудың бетке ұстар табиғи байлығы. Бір ғасыр бұрын үлкен көшкіннің нәтижесінде пайда болған. Суға батқан кемелер секілді сюрреалистік көрініс беретін Қайыңды көлі Жетісудің мақтанышы.  Жетісу... Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан, солтүстігінде Балқаш көлінен, оңтүстігінде Тянь-Шаньның қарлы шыңдарына дейін созылып жатқан осынау бір көркем  жерұйық мекенді ежелден бері жеті судың өлкесі атап кеткен. Олай деп аталуының себебі, жердің шұрайын беретін Іле, Тентек, Лепсі, Басқан, Ақсу, Қаратал, Көксу, сияқты өзендердің осы мекеннен ағып өтетіндігі

       Киелі мекен енді балалардың бақытты мекеніне айналды.
ДО 01:00 НАДО

sayferbil sayferbil    3   20.01.2021 21:06    2

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi