1. Етістіктің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі? ( : 1)

А) бастауыш

В) баяндауыш

С) толықтауыш

Д) анықтауыш
2. Қай сөйлемде етістік бастауыш қызметін атқарып тұр?
( : 1)

А) Балалы үй – базар

В) Үндемеген ұтады.

С) Сабыр түбі – алтын.

Д) Бүгін бізде алты сабақ болды
3.Бастауыш қызметіндегі етістікті табыңыз.
( : 1)

А) Алты жерде алты – отыз алты.

В) Марат кешігіп келді.

С) Бүгін мен осындамын.

Д) Айтқан – сен, тыңдаған – мен
4. Көсемше жұрнақтарын табыңыз.
( : 1)

А) –ған-ген-қан-кен

В) –а-ып-ғалы-й

С) –атын-етін-р

5. Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімшені табыңыз.
( : 1)

А) Көп күн өтіп кетті ғой сен кеткелі.

В) Туған жердей жер болмас.

С) Ел аралаған сыншы болар.

Айыратын жаман бар, қосатын жаран бар.
6.Пысықтауыш қызметіндегі көсемшені табыңыз.
( : 1)

А) Абай өзін де, айнала жұртты да тегіс ұмытыпты

В) Жоғары-төмен үйрек, қаз.Ұшып тұрса сымпылдап.

С) тарантас зырлап келеді.

Д) Жанар орнынан тұрып, қонақтарды қарсы алды
7.Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.
( : 1)

A) Жазбақпын.

B) Айтармын.

C) Келмеспіз.

D) Сөйлепті.
8.Ауыспалы өткен шақта тұрған сөзді анықтаңыз.
( : 1)

A) Қарайтынмын.

B) Айтқанмын.

C) Келіппін.

D) Болыпты.
9.Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын анықтаңыз.
( : 1)

A) Айтқан сайын түсіну.

B) Әр түрлі.

C) Астанаға бару.

D) Гүлдердің иісі.
10.Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
( : 1)

A) Әлия оқыды.

B) Ақ пен қара.

C) Мектепке дейін.

D) Мектепке қарай.
11.Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.
( : 1)

A) Арман үшін аттану.

B) Білімді азамат.

C) Үш дәптер.

Д.Көлдің жағасында.
12.Шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыз.
( : 1)

А) Оның ойын кейін білдім.

В) Гүлсім оны бұрын көрмеген екен.

С) Одан бұрын хабарды жеткізді.

Д) Әрі жығыл десең, бері жығылады.
13.Шылауға тән емес ерекшелікті табыңыз.
( : 1)

А) Толық лексикалық мағынасы болмайды.

В) Түрленбейді.

С) Адамның әр түрлі көңіл-күйін білдіреді.

Д) Сөйлем мүшесі бола алмайды.
14.Күшейткіш демеулікті табыңыз.
( : 1)

А) Оның сөзінен өкініш те, ыза да сезіледі.

В) Біз де естіп, қуанып жатырмыз.

С) Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.

Д) Айып менде екені рас-ау!.
15. Нақтылау мәнді демеуліктерді табыңыз.
( : 1)

А) –ма-ме-ба-ше

В) –ақ-ау-ай-да

С) –ды-ді-ғой-қой

Д) –түгіл-тұрсын-тұрмақ​

Faza1337 Faza1337    2   16.03.2021 11:13    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi