1. Екі мәтіннің айырмашылығын көрсетіңіз Айырмашылығы Мәтіннің түрі Мәтіннің стилі Мәтіннің тілдік ерекшелігі «Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған » деп қорытындылайды профессор Ерeнғайып Омаров . Өкінішке қарай , даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен , ғылым , білім , өнердегі жетістіктерінінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті . Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса бізде ондай кітапхана болғанын білмес те едік . Осы кітапханадан білім алған , бүкіл әлем мойындаған Әбу - Нәсір әл - Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен табылды . Отырардын өзінде әл - Фарабиден де білімі жоғары , оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін . Себебі Отырар кітапханасын әл - Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті . Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті . Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек , бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық . Ол кітаптарды сатып алу , жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек . Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі . Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған . Халиф Әл - Мамун ( 813-833ж . ) Бағдат қаласында « Байт Әл - Хакма » ( Даналық үйі ) атты ғалымдар үйін ашып , дүниенің түкпір - түкпірінен ғалымдар шақырып , кітапхана қорын әзірлеген . Обсерватория ашқан . Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған . Бұл « Даналық үйінде » Орта - Азияның , гректің , парсының , Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады . Солардың еңбегінің арқасында кейін « араб өркениеті » деген түсінік пайда болды . « Даналық үйінде » ең бірінші болып Ортаазиялық математик Әл - Хорезми басшылық жасады .
Балаң оқуға өте зерек екен . Ол кітапханадағы қыпшақ , оғыз , түрік тілдерінде жазылған кітаптарды түгел оқыды . Енді өзге тілдерді жазылған кітаптарды оқуға ынтығып жүр , - деді . - Қалада шет тілдерді жетік білетін шырақшылар бар ма , соларға оқытсақ қайтеді ? - деді Әбу Насырдың әкесі . Жоқ . Шет тілдерді тек сол тілде сөйлейтін халықтар арасында жүріп үйренуі мүмкін , - деді шырақшы . Әбу Насыр ұстазы Қорқыт данаға еріп , жолға шықты . Олар алыстағы елдерді аралады . Әбі Насыр сол сапарынан Фарабқа оралған соң : - Самарқан , Бұқара , Хиуа , Үргеніш , Исфаған , Нишаһүр , тағы басқа біраз қалаларда болдым . Онда жүріп , араб , парсы , еврей тілдерінде оқып , жазуды үйрендім . Енді Фараб кітапханасындағы сол тілдерде жазылған кітаптарды еркін оқи аламын , - деп , әңгіме айтты .​

оаосов оаосов    3   17.05.2021 15:42    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi