1. Қазақ тіліндегі екпіннің сөз ішіндегі орнын табыңыз. А) Сөздің басқы буыны
В) Сөздің соңғы буыны
С) Сөздің ортаңғы буыны
D) Жылжымалы екпін
Е) Тоникалық екпін
2. Екпін түспейтін буынды көрсетіңіз.
А) Көптік жалғаулары
В) Септік жалғаулары
С) Жіктік жалғаулары
D) Тәуелдік жалғаулары
Е) Сөз тудырушы жұрнақтар
3. Сингармонизмге бағынбайтын сөзді табыңыз.
А) Білімпаз
В) Сән
С) Білім
D) Әлем
Е) Мөлдір
4. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Жазушы
В) Айғыз
С) Сөйтіп
D) Әркім
Е) Соқырішек
5. Сөз аралығындағы тоғыспалы ықпалды анықтаңыз.
А) Түстен кейін
В) Мейманханаға бару
С) Аспаздық
D) Қазақша білу
Е) Әдептіліктің белгісі
6. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.
А) Жүрегінің тазалығы
В) Алматыдағы оқу орны
С) Ерінбеген етікші болады
D) "Жаңажол" аулының малы
Е) Құлпырған жасыл жер жүзі
7. Қазақ тілінің арғы тегіндегі көне жазуды анықтаңыз.
А) Кириллица
В) Көне түркі жазуы
С) Төте жазу
D) Араб жазуы
Е) Көне ұйғыр жазуы
8. 1929 жылға дейін қазақ жазуы тарихында қолданылып келген әліпбиді табыңыз
А) Араб жазуына негізделген
В) Латын жазуына негізделген
С) Орыс жазуына негізделген
D) Қытай жазуына негізделген​
Е) Түркі жазуы
9. Қазақ халқы орыс жазуына негізделген алфавитті қабылдаған жылын табыңыз.
А) 1929 жыл
В) 1900 жыл
С) 1936 жыл
D) 1945 жыл
Е) 1940 жыл
10. Араб жазуына негізделген қазақтың төте жазу әліпбиін құрастырушы ғалымды белгілеңіз.
А) А.Байтұрсынов
В) Ш.Уәлиханов
С) М.Дулатов
D)Қ.Жұбанов
Е) Ы.Алтынсарин
11. Қазақ тілі орфографиясының сүйенетін негізгі принципін табыңыз.
А) Фонетикалық
В) Семантикалық
С) Морфологиялық-дәстүрлі
D) Синтетикалық
Е) Аналитикалық
12. Орфографияның анықтамасын табыңыз.
А) Дұрыс сөйлеу ережелерінің жиынтығы
В) Дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы
С) Дыбыстардың таңбаларының жиынтығы
D) Сөздіктер жиынтығы
Е) Сөздің дыбыстық және мағыналық жағын қарастырады
13. Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді көрсетіңіз.
А) Қазақ
В) Хазақ
С) Казах
D)Казаг
Е)Газақ
14. Жазылуы мен айтылуы бір сөзді көрсетіңіз.
А) Құлықсыздық
В) Әркім
С) Түнгі
D) Көрінбейді
Е) Қанат
15. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз.
А) Мә-лім-де-ме
В) Мәл-ім-де-ме
С) Мә-лі-мде-ме
D) Мә-лі-м-де-ме
Е) Мә-лім-дем-е
16. Әріп санынан дыбыс саны көп сөзді көрсетіңіз.
А) Керемет
В) Ќағаз
С) Жиналыс
D) Тау
Е) Жол
17. Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылмағанын көрсетіңіз.
А) Дөңгілік
В) Бұлбұл
С) Дүлділ
D) Бөрене
Е) Күлегеш
18. Сөздің басында естілетін еріндік дауысты белгілеңіз.
А) ү
В) ә
С) и
D) о
Е) е
19. Орыс тілінен енген сөздердің аяғындағы б, в, г, д дыбыстарынан кейін қазақ тілінің қосымшаларының жазылуын табыңыз.
А) Жуан буыннан
В) Үнді дыбыстардан
С) Қатаң дауыссыздан
D) Жіңішке буыннан
Е) Ұяң дауыссыздан
20. Дұрыс жалғанған қосымшаны көрсетіңіз.
А) Банкпен
В) Банкқа
С) Банктан
D) Банктар
Е) Банкілер
21. Тоғыспалы ықпалды белгілеңіз.
А) Досжан
В) Сәтжан
С) Арман
D) Досан
Е) Махамбет
22. Дұрыс жазылмаған сөзді көрсетіңіз.
А) Ойыны
В) Тасу
С) Алтау
D) Әріп
Е) Ерін
23. Лексиканың зерттеу объектісін белгілеңіз.
А) Сөйлем мүшелерін
В) Сөз тіркесін
С) Сөз мағынасын
D) Сөз құрамын
Е) Тіл дыбыстарын
24. Сөздің шығу тегін зерттейтін лексикологияның бір саласын анықтаңыз.
А) Фразеология
В) Этимология
С) Топономика
D) Терминология
Е) Семасиология
25. Лексикографияның зерттеу обьектісін табыңыз.
А) Жер-су атаулары
В) Жалқы есімдер
С) Тұрақты тіркестер
D) Адам аттары
Е) Сөздіктерді зерттеу

yasuga yasuga    2   19.04.2021 09:43    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi