Парфия мемлекеті немен айналысты​

ЖаннаЛьюес ЖаннаЛьюес    1   15.12.2020 14:58    1

Ответы

Парфия патшалығы – Каспий теңізінің оңтүстік мен оңтүстік-шығысында б.з.б. 250 ж.ш. пайда болған ежелгі мемлекет; б.з. 3 ғасырдың 20 жылдарына дейін өмір сүрді.

Парфия жауынгері

Б.з.б. 250 ж.ш. сақтардың көшпелі парн (дах) тайпалары Парфияға басып кірді. Парндардың басшысы Аршақ (Аршақ әулетінің негізін қалаушы) Парфия патшалығының бірінші патшасы болды. 209 ж. Селевки патшасы Антиох ІІІ Парфияны өзіне бағындырды. Сыртқы саясатта Парфия патшалығы өзінің шекаралас көршілері батыста Селевки әулетімен және Риммен, шығыста Грекия-Бактриямен және көшпелі тайпалармен қарым-қатынас орнатты.

Митридат І тұсында б.з.б. 170 ж.ш. – 138/137 ж. Парфия патшалығының шекарасы шығыста Бактрия және батыста Селевки әулетінің бұрынғы иелігіндегі жерлерде б.з.б. 2 ғасырда пайда болған ұсақ мемлекеттер есебінен ұлғая түсті. 161-155 ж. Мидияны, Месопотамияның батыс бөлегін, 141 жылы Селевкияны бағындырды, кейіннен Сузамен қоса Элимаиданы алды. Парфия патшалығы бүкіл Иран мен Месопотамияны түгел дерлік қамтыды. Парфия патшалығы сақтармен және өз үстемдігін қайта орнатуға соңғы рет әрекет еткен Селевки шығыста Парфияның солтүстік аймақтарын ойрандап, оңтүстікте Дранганды басып алды. Парфия патшалығы Қытаймен дипломатикалық қатынас орнатып отырды. Б.з.б. 40 жылдар қарсаңында Парфия патшалығы Кіші Азия мен Сирияны түгел жаулап алды, римдіктердің шығыс Жерорта теңізіндегі иелігіне қауіп төндірді. Парфия патшалығының мемлекет құрылымында парндардың рулық дәстүрлері мен Парфияның өзіндік басқару жүйесі ұштасып жатты. Парфия патшалығы Ардашир Папакан негізін қалаған Сасани әулеті төңірегіне топтасқан жаңа күштердің соққысы нәтижесінде 224 жылы құлады.[1]

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История