0.1 . АВ және СD кесінділері әрқайсысының ортасы бола тын О нүктесінде қиылысады . үшб.АОС = үшб.BОD теңдігі орындала ма ? Бұл есеп шартындағы өзге де тең үшбұрыштар жұбын көрсетіңдер . 0.2 . ABCD параллелограмының периметрі 12 см , ABD үшбұрышының периметрі 8 см . BD диагоналының ұзындығы қандай ? 0.3 . Барлық бұрыштары өзара тең 1 ) төртбұрыш ; 2 ) үшбұрыш жөнінде не айтуға болады ? Суретін салыңдар . 0.4 . Бір диагоналы қабырғасына тең ромбының бұрыштарын табыңдар . 0.5 . 1 ) Параллелограмм ; 2 ) тіктөртбұрыш ; 3 ) ромб ; 4 ) квадрат қабырғаларының орталарын тізбектеп қосқанда қандай фигура шығады ? Жауаптарыңды негіздеңдер .