Физика литрлік ыдыста 0°С температурада мына заттардың қо болған: 2,2 г көмір қышқыл газы, 4 г оттегі, 1,2 г метан. Мыналарды: а) газ қо жалпы қысымын; б) әр газдың парциалды қысымын; в) көлем бойынша қоспадағы пайыздық құрамын есептеу керек.
Жауабы: а) 101,3 кПа; б) 20,2; 50,5 және 30,3кПа; в) 20;50;30 %.
2. 56 литрлік ыдыста газдар қо бар: 4моль СН4, 3моль Н2, 0,5моль СО. Мыналарды: а) газдар қо жалпы қысымын, кПа; б) масса бойынша қоспаның пайыздық құрамын; в) көлем бойынша пайыздық құрамын; г) әр газдың парциалдық қысымын (Па) есептеу керек.
Жауабы: а) 303 кПа; б) 76,18; 7,18;16,64; в) 53,33; 40; 6,67; г) 162; 121,6; 20,2.
3. Ауадағы оттегі мен азоттың көлемдік үлесі 21% және 78%,ал ауаның қысымы 1,013×105Па болса, газдардың парциалдық кысымын есептеу керек. Жауабы: р(О2) 0,213×105 Па; р(N2)0,79×105 Па.
4. Натрий атомымен жұтылатын фотондар толқынының ұзындығы
5,89×10-7 м болса, онда оның энергиясы қанша болады?
Жауабы: 3,38×10-19Дж.
5. Фотон толқынының ұзындығы 5×10-7м болса, оның энергиясы қанша? Жауабы: 3,98×10-19 Дж.
6. a-бөлшегінің массасы 6,6×10-27кг болса және 100м/с жылдамдықпен қозғалса, толқын ұзындығы қанша болады? Жауабы: 1×10-9 м .
7. Массасы 63кг адам 10м/с жылдамдықпен жүгірсе, ол үшін де Бройль толқынының ұзындығы қанша болады? Осындай мәнді өлшеуге бола ма? Жауабы: 1,05×10-36 м.
8. Егер хлорофилл молекуласы толқын ұзындығы 4,6×10-7 м (көк түс) фотон жұтып, толқын ұзындығы 6,6×10-7м (қызыл түс) фотон шығарса, молекула энергиясының өзгеруі қанша болады. Жауабы: 1,32×10-19 Дж.
9. Адам көзі энергиясы 1,5×10-17Дж болатын сигналды қабылдай алады, сонда жарыққа реакция болу үшін ұзындығы 5,3×10-7м (жасыл түс) фотондар мөлшері қанша? Жауабы: 40.
10. Егер атомдағы электрон орны өлшемінің белгісіздігі 5,3×10-11м болса, сонда электрон жылдамдығын анықтаудың белгісіздігі қанша болады.
Жауабы: 2,19×106 м/с.