1 Ыдыстағы газ оның сол жақтағы қабыр- ғасына 300 Па қысым түсіреді. Газ ыдыстың
төменгі, үстіңгі және оң қабырғаларына
қандай қысым түсіреді?
2 Егер мылтықпен піскен жұмыртқаны
атса, онда жұмыртқада тесік пайда болады.
Егер шикі жұмыртқаны атса, ол шашырап
кетеді. Неліктен?
3 Паскаль заңын пайдаланып әртүрлі
пішіндегі шыны және пластикалық құмы-
ралар жасауға болады. 4.18-суретте көр-
сетілген шыны құмғанды қалай жасауға
болатынын түсіндіріп көріңдер.