Тест сұрақтарына жауап беріңіз. (Емтиханға дайындық!)
1. Ғылыми стильдің қолданылатын орны
А)мемлекеттік және жеке іс жүргізу мен заң аясындағы құжаттар
В) газет-журналдарда жазбаша қолданылады
С) ғылыми-зерттеу еңбектерінде жазбаша қолданылады
Д) көркем шығармаларда жазбаша, көпшілік алдында ауызша қолданылады
Е) жиналыстар мен радио-теледидарда ауызша түрі қолданылады
2. Диалект сөздерді белгілеңіз.
А) боз, жирен В) көпшік, дарбаза С) қара, ат Д) орман, тоғай Е) оның, соған
3. Диалект сөздерді белгілеңіз.
А) сым, пәс В) күллі, барлық С) арман, еңбек Д) оқулық, дәптер Е) гүрс-гүрс, тарс-тұрс
4. Кәсіби сөздерді белгілеңіз.
А) қанат, мінез В) мұрап, ау С) келер, жазар Д) арман, ой Е) теңіз, су
5. Кәсіби сөздерді белгілеңіз.
А) иінағаш, мойынағаш В) қазанжаппа, қорықтық С) жүген, үзеңгі, шылбыр
Д) сөмке, кереует, кәмпит Е) қойшы, мақта, күкірт
6. Заттар мен құбылыстардың жалпы ерекшелігін ашып, обьективті мәлімет беру мақсатында қолданылатын стиль түрі
А) публицистикалық стиль В) ресми іс қағаздар стилі С) ғылыми стиль
Д) көркем әдебиет стилі Е) сөйлеу тілі мен жазба тіл стилі
7. Ғылыми стильге тән термин сөзді анықтаңыз.
А)оның сөзі де қосымша болды. В) түбір сөзге қосымша жалға С) Сәбит бұған қосымша жұмыс берді.
Д) қосымша төлем қосты Е) кейде қосымша сабаққа келмей қалатын.
8. Іскерлік қарым-қатынасқа байланысты термин сөзді көрсетіңіз.
А) сөз, сөз тіркесі, буын. В) дөңгелек, тікұшақ. С) алу, теңеу, синус Д) әкім, делдал, іссапар
Е) шеміршек, жүйке.
9. Термин сөздерді көрсетіңіз.
А) бәдірен, диалог. В) сарапшы, қалам. С) мұрап, мақал-мәтел Д) циклон, қос нүкте.
Е) депутат, департамент.
10. Термин сөздерді көрсетіңіз.
А) поэзия, терме В) босқын, маңдай. С) цех, үй Д) барлаушы, халық. Е) көрші, компас.
11. Сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже.
А) орфоэпия В) фонема С) графика Д) публицистика Е) орфография
12. Айтылу нормасы бойынша жазылған сөз.
А) қосшы В) боз жорға С) шекара Д) түңгү Е) тонға
13. Дәстүрлі қағидат бойынша жазылған сөз.
А) диуана В) бастаңғы С) жаңбыр Д) қоңыз Е) мақсат
14. Орфоэпиялық заңдылықпен жазылған сөз.
А) жұлын В) құмұрсқа С) құман Д) бұрыс Е) Гүлнұр.
15. Орфографиялық нормаға сәйкес жазылған сөз.
А) біріңғай В) Бегарыс С) Жанпейіс Д) Жаңғожа Е) бұлұттұ..
16. Орфографияға қайшы сөз.
А) бұлт В) қалам С) жылқы Д) Сарөзек Е) қара сия.
17. Фонетикалық принцип бойынша дұрыс жазылған сөз.
А) өзөн В) мұғалімбін С) мұхиттер Д) күмәнды Е) кінәла.
18. Дұрыс жазылған сын есім.
А) ағала В) көгілдір С) қарала Д) сөшшең Е) сәңғой.
19. Морфологиялық принципке сай жазылған сөз.
А) отыра қал В) айтып пер С) қоян-ғолтық Д) бері гел Е) баралмады.
20. Орфоэпия бойынша жазылған сөз.
А) Сарыағаш В) дейінгі С) кемеңгер Д) бейбітшілік Е) күндүз.