Ғұн қай патшаның тұсында гүлденді

antonmarusin antonmarusin    2   20.05.2020 12:21    1

Ответы
Локи301 Локи301  15.10.2020 02:00

Батыс Ғұн Империясы, Батыс хун империясы — ғұндардың Еуропада құрған мемлекеті. Батыс Ғұн империясының негізі алғаш б.з. II ғасырында Батыс Қазақстан жерінде, Каспий теңізі жағалауында қаланды.[1] Ғұндар сол өңірден өздерінің патшасы Валамир (Балаәмір) бастауымен батысқа аттанып, IV ғасырдың 70-жылдары Днестрге дейінгі жерді жаулап алды. Олардан бірінші болып жеңілгендер Азов теңізі өңірін мекендеген аландар болатын (қ. Ғұндардың аландарды талқандауы). Керчь бұғазы мен Қырымдағы Боспор патшалығы да ғұндардың соққысынан құлады. 375 жылы Қара теңіз жағалауындағы остготтарды (Шығыс готтар) түгелдей бағындырды, ал вестготтар (Батыс готтар) Рим империясы территориясына барып паналады. Сөйтіп ғұндарға Еділден Днестрге дейінгі жерлерді мекендеген тайпалар бағынды. Ғұндардың Батысқа жорығы Халықтардың ұлы қоныс аударуының басталуына түрткі болды. Ғұндар Рим империясымен көршілес орналасып алып, көп ұзамай оған қысым көрсете бастады. Батыс Ғұндың басында Рим империясының Паннония аймағын (қазіргі Венгрия жерін) басып алып, оны ғұн мемлекеті құрамына кіргізді. Рим империясының мұрасын бөлісуде герман тайпаларының бақталасына айналды. 433 жылы ғұн патшасы Руғила қайтыс болған соң, мемлекет билігі оның інілері Ақтар мен Мыңзық балаларына — Бледа мен Аттиланың қолына көшті. 437 жылы ғұндар Рейн өзенінің бойында Бургун корольдігіне соққы берді. Нәтижесінде Солтүстік Еуропа мен Галлияға дейінгі герман тайпалары ғұндарға бағынды. Ғұндарға қарсы Рим империясы атынан вандал мен вестгот тайпалары ғана соғысты. 451 жылғы Каталаун қырғынынан кейін Еуропада ғұндарға қарсы тұратын ешқандай әскери күш болмады. Сөйтіп ғұндар Батыс Рим империясы территориясына толық иелік етті. 454 жылы Аттила өлгеннен кейін Батыс Ғұн Империясы ыдырап, герман тайпалары ғұндардан бөлініп кетті. Бұрынғы үлкен империя құрамында тек ғұн тайпалары, яғни түркі тілдес тайпалар ғана қалды. VI ғасырдан бастап Батыс Ғұн империясы “Уарғұндар қағанаты” (Арғындар қағанаты) деп аталды. Баян хан тұсында күшейген Уарғұндар қағанатына Византия салық төлеп тұруға мәжбүр болды

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы