Био арганикалық заттар дегеніміз не

shitova20023p02gai shitova20023p02gai    1   03.09.2020 01:24    1

Ответы
smoboine smoboine  15.10.2020 16:49

Бейорганикалық заттар немесе Анорганикалық қосылыстар , бейорганикалық қосылыстар — хим. элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары яғни органик. және полимерлік қосылыстар кірмейді. Қазіргі хим. ғылымы А. қ-дың гомоатомды және гетероатомды түрлерін қарастырады. Гомоатомды А. қ-ға бір ғана хим. элементтің атомдарынан құралатын элементтік немесе жай заттар жатады. Жай заттың қасиеті оның құрамын түзетін элемент атомының қасиеттеріне сәйкес келеді. Элементтердің периодтық жүйесінде орналасқан барлық элементтер түзетін жай заттар металдар мен бейметалдарға бөлінеді. Металдар электрон беруге, бейметалдар электрон қосып алуға бейім. Олардың арасында екі жақты қасиетті амфотерлік заттар бар. Жай заттардың физ. қасиеттеріне олардың термодинамикалық (атомдану энергиясы, энтропия, энтальпия, фазалық өзгеру темп-сы т.б.), кристалхим. (құрылымы, аллотропиясы т.б.), физ.-мех. (қаттылығы, сызықтық және көлемдік ұлғаюы т.б.), электрфиз. (электр өткізгіштігі, концентраттануы т.б.), оптикалық, магниттік т.б. қасиеттері жатады. Жай заттардың хим. қасиеттері олардың тотықсыздандырғыштық яғни бейметалдық қасиеттеріне байланысты. Гетероатомды А. қ-дың ішіндегі ең қарапайымдары — екі элементтен құралған бинарлы заттар.

Объяснение:

көп қойш

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Другие предметы