Есептер 1. Қос-қостан алғанда он қиылысу нүктесі болатындай бес түзуді кес-
 кіндеңдер.
 2. Түзудің бойында: а) 3 нүкте; ә) 4 нүкте; б) 5 нүкте; в)* п нүкте
 белгіленген. Төбелері осы нүктелерде болатын неше кесінді бар
 болады?
 3. Түзудің бойында АВ = 3 см, ВС = 5 см, CD = 4 см болатындай
 тізбектелген үш кесінді орналастырылған. АВ және СD кесін-
 ділерінің орта нүктелерінің арақашықтығын табыңдар.
 4. Бір нүктеде қиылысатын п түзу жазықтықты неше бөлікке бөледі?
 5. Қиылысқан екі түзу арқылы құрылған үш бұрыштың қосындысы
 306°-қа тең. Олардың ішіндегі ең үлкен бұрыштың мәнін табыңдар.
 6. ОС сәулесі 120°-қа тең болатын AOB бұрышының ішінде орналасқан.
 Егер AOC бұрышы BOC бұрышынан 30°-қа кем болса, онда оның
 мәнін табыңдар.
 7. Егер екі сыбайлас бұрыштардың біреуі екіншісінен екі есе артық
 болса, онда олардың градустық өлшемдерін табыңдар.