Мәтіндердің негізгі ойын беретін шағын шолу ақпараттың дұрысын тап. 1-мəтін. Свен Алкалай, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Еуропалық экономикалық
комиссиясының атқарушы хатшысы:
– Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан
Назарбаев пен Қазақстан халқына бақытты, өскелең және бейбіт болашақ тілеймін!
Мен және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясындағы әріптестерім біздің ұйым мен
Қазақстан арасында қалыптасқан жемісті ынтымақтастықты тұтас өңірдің игілігі үшін дамытуға
алдағы уақытта да бар күшін салады. Сіздің тиімді басшылық етуіңіздің арқасында Қазақстан
Орталық Азия өңірі елдерін дамыту саласындағы өзінің маңызды мәртебесін сақтап, Еуропа мен
Азия арасына көпір болуы жалғастыра беретініне шексіз сенемін.
2-мәтін. Виллем Кок, Мадрид клубының президенті, Нидерланды премьер-министрі (1994-2002):
Мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесін атап өтуіне байланысты өзімнің
шынайы тілегімді білдіргім келеді.
Мадрид Клубы мүшелері мен хатшылығы атынан Сізге және Қазақстан халқына мәңгілік игілік
пен бақ-береке тілеймін.
Сондай-ақ, осындай маңызды күні Сіздің қонақжайлығыңыз бен елеулі қолдауыңыздың
арқасында мен және менің әріптестерім жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресу үшін құрылған,
Жыл сайын өткізілетін Астана экономикалық форумы мен басқа да маңызды халықаралық
бастамаларға ұдайы қатысып келе жатқанымызды зор қанағаттанушылықпен және
ризашылықпен айтуға рұқсат етіңіз.
Мен біздің өзара тиімді және жемісті ынтымақтастығымыз одан әрі нығайып, тереңдей
беретініне сенемін.​

elenalev222016 elenalev222016    1   11.12.2020 09:00    0

Ответы
huh106 huh106  10.01.2021 09:02

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Свен Алкалай және Мадрид клубының президенті Виллем Кок Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты мемлекеттік мерекемен құттықтап, ерекше жетістіктері мен еңбектерін атап өтті.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
nikita112289 nikita112289  10.01.2021 09:02

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Свен Алкалай және Мадрид клубының президенті Виллем Кок Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты мемлекеттік мерекемен құттықтап, ерекше жетістіктері мен еңбектерін атап өтті.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi