Маусымдык жайлымын турлерине сипатамма бер . хэлп​


Маусымдык жайлымын турлерине сипатамма бер . хэлп​

Chvik Chvik    1   09.12.2020 14:38    0

Ответы
JinkoGloom JinkoGloom  08.01.2021 14:44

Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Қазақ елінің дәстүрлі жайлауы Сарыарқа атырабы мен орманды, желді өлкелерде, Қазақстанның солтүстік-батысында (Мұғалжарда), солтүстік-шығысында (Алтай, Сауыр және Тарбағатай өңірінде), оңтүстік-шығысында (Жетісу Алатауы, Іле Алатауы және Тянь-Шань тауының солтүстік атырабында), оңтүстігінде (Қаратау өңірінде) болды.

Күзеу(1), күздеу – күзгі қоныс.

жылқы

Жыл мезгілдеріне қарай қазақтың малшы ауылдары қыстау, көктеу, жайлау, күзеу секілді қоныстарға көшіп-қонып отырған. Көш жүгі жаздай даярланған азық-түлік, киіз-төсеніш, үй жабдықтары, қыстық киім есебінен құралып, күзге қарай молыға, ауырлай түседі. Күзеуге шығынсыз, аман-есен жету мақсатында, алғашқы күндері көш баяу қозғалады. Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға жақындау жайылым таңдап алынады. Қазақстанның әр өңіріндегі рулы ел, бір ата ұрпақтарының өздеріне тиесілі Күзеуіі болған. Күзеу мал қоңын сақтауға тиімді, көшпелі тұрмыс ыңғайына орай қолданылатын дәстүрлі шаруашылық түрі. Күзеу (2) - жылқының жал-құйрығын қырқу. Жылқы түлігін к. көктемде, олардың жас-жыныс ерекшеліктеріне сай белгілі тәртіппен жүргізіледі. Әдетте, құнанның тек жасы, тай, құнажын байтал, қысыр биелердін жал-құйрығы бірдей қырқылады.

Қыстау - қазақтың байырғы қысқы мекенжайы, әдетте суы бар, ықтасынды, оты мол жерлерде орналасады. Қыстау аумағы, негізінен шарбақпен қоршалады. Айналасында ор қазылған қора жайлары болады. Қыстаудағы тұрақжай түрлері: киіз үй, қоржын үй, жер үй, ас үй, сондай-ақ, шаруашылыққа арналған мал қора, тезек қора, пішен қора, т.б. Кең тараған Қыстау үйінің пішіні төрт-бұрышты, есіктері мен терезелері оңтүстікке, ал бітеу қабырғалары қысқы желдің өтіне қарайды. Қабырғалары шикі кірпіштен, шымнан, кейде тастан қаланады. Тұрғын бөлмелер саны 2 - 4-тен келеді. Астық, т.б. азықтарды ішкі қабырғасы күйдірілген ұраларда (тереңдігі 2 м-ге дейін) сақтайды. Үйдің ортасына биіктігі қабырға бойынан сәл асатын ағаш діңгек - бақан қаз қатар орнатылады. Оларға ұзына бойы бас арқалық (белағаш) қойылады да, ал арқалыққа көлденең сырғауылдар - жөкелер төселеді. Оның үстіне қамыс жауып, балшықпен бастырылған бақандар мен сырғауылдар жүйесіне арқа сүйейді. Жарық төбедегі тесік арқылы кіреді. Мұндай Қыстауды қазіргі кезде кейбір жерлерде шопандар пайдаланады.[1]

Көктеу– 1) көктемгі қоныс; шөптің жаңадан қаулап шыққан кезінде, көктем айларында мал жаятын өріс. Кей жерлерде мұны орта жайлау деп те атайды; 2) өсімдіктің алғашқы өніп-өсуі; 3) тігістің бір түрі.[1]

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме История