Программаны тестілеу дегеніміз не? *​

vtkmlth vtkmlth    1   12.05.2020 16:27    20

Ответы
PashaШкипер PashaШкипер  14.10.2020 14:47
Компьютерде есеп шығарудың барлық кезеңдерінде, атап айтқанда, есептің қойылуынан бастап, дайын жобаға айналғанға дейін қателіктер жіберіледі. Мысалы, есептің дұрыс қойылмауы, есепті шығару үшін құрылған алгоритмнің дұрыс болмауы, логикалық қателіктер кететін жағдайларды дұрыс есепке алмау, семантикалық және синтаксистік қателер, операцияларды орындау кезінде кететін қателіктер, деректерді беруде жіберілетін қателіктер, енгізу-шығару кезінде кететін қателіктер болады. Әдетте, синтаксистік қателіктер трансляциялау кезінде байқалады. Ал, алгоритмдік қателіктерді программалаушының түпкі ойын білмегендіктен, оны транслятор таба алмайды. Сондықтан, компьютердің синтаксистік қателіктер туралы хабарының болмауы программаның дұрыстығына кепілдік бере алмайды.
Программаны тестілеу дегеніміз не? *​
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Информатика