Аяқкиімнің өлшемін табанның сантиметрмен өрнектелген ұзындығын 1,5 санына көбейтіп табады. Өздеріңнің аяқкиімдеріңнің өлшемін
анықтаңдар. Егер адам 40-өлшемді аяқкиім кисе, онда оның табаны-
ның ұзындығы қандай?
Сабақ арасындағы үзіліс қанша уақытқа созылады? Бұл уақытты се-
кундпен, минутпен, сағатпен көрсетіңдер.
Кітаптың ұзындығын, енін және қалыңдығын өлшеңдер. Алынған
нәтижені миллиметрмен (мм), сантиметрмен (см), дециметрмен (дм),
метрмен (м) өрнектеңдер.
Оң қолдарыңның сұқ саусағымен сол білектеріңді ұстап, тамырдың
соғуын санаңдар. Секундтық тілі бар сағаттың көмегімен тамырдың
70 рет соғуына қанша уақыт кеткенін жазыңдар. Тамыр соғулары ара-
сындағы уақытты табыңдар.