Адам арасындағы ізгі қарым қатынас туралы эссе ​

NastenkaDrow NastenkaDrow    2   02.09.2020 12:51    15

Ответы
рвовттатс рвовттатс  02.09.2020 13:01

Күнделікті өмірде әр адам басқа адамдармен араласады, яғни өзара ақпарат, тәжірибе, білімдер, білікітер, дағдылар алмасады. Бұл адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс қарым-қатынас деп аталады. Демек, қарым-қатынастың қалыптасуы адамның мінезіне байланысты.

Қарым-қатынастың түрлері көп. Мысалы, туысқандардың қарым-қатынасы немесе шәкірт пен ұстаздың қарым-қатынасы, ғашық адамдар арысындағы қарым-қатынас және т.б. Мәселен, ата-аналар және балалар қарым-қатынасы ең жақын туысқандардың қарым-қатынасын айтуға болады. Кейде бапкелеріміз бен ұстаздарымыз туғанымыздай болып кетеді. Мен спортпен шұғылдану барысында ең жақын достарымның бірі, әрі бәпкерім марқұм Серік ағамен жақсы достық қарым-қатынаста болдым. Ол маған бес жыл ішінде туған атам сиқты болып кетті. Сондай-ақ, маған және менің әпкеме өте жақын ұстаз ол Еділбай ағамыз. Оның арқасында менің әпкем Болашақ стипендиясын ұтып алды, ол бізді қазақ тілін жетік меңгеруге үйретеді. Менің ойымша, егер біздің елімізде Еділ аға сияқты мамандар көбірек болса, біздің қоғамымыз өте сауатты әрі білімді болатын еді. Сонымен қатар, адамдардың ғашықтық қарым-қатынасын да жоғары бағалаймыз. Адамадар ғашық болып үйленеді, яғни отбасын құрады. Өзара сүйіспеншіліктен құралған отбасы берік болады.

Әрине, қарым-қатынастың пайдасы өте зор, өйткені адамдар бір-бірімен араласып, әр түрлі тәжірибе алмасады, бір-біріне қолдау көрсетеді. Дегенмен кейде туыстық немесе достық қарым-қатынастар орынды қолданбаудың салдарынан жемқорлық туындауы мүмкін. Бұл қоғам мен еліміздің дамуы үшін өте қауіпті. Сондықтан, жұмыс немесе қызмет барысында туыстық және достық қатынысты қоғам мүддесінен жоғары қоймауымыз керек. Қорытындылай келе, адамдар арасындағы қарым-қатынас өте қажетті әрекет. Ол адамның қоғам мүшесі болып қалыптасуы мен дамуына үлкен ықпал етеді. Бірақ туыстық қатынастарды мемлекеттік мүддеден жоғары қоюға болмайды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Психология