4 тапсырма. Деректі және өз білімдеріңізді пайдаланып, 20-30 жылдардағы қуғын-сүргіннің зардаптарын PESTLE арқылы талдаңыз.
1937 жылы БК(б)П ОК-нің И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жауларын
жою нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері
мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата
талқандауды ұйғарды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда
25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық
жауларының сыбайластары» т.б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш
қайраткерлері саяси қуғын-сүргінге ұшырады.
Р- саяси
Е - экономикалық
S - әлеуметтік
Т- технологиялық
L - құқықтық
Е - этникалық