Азаматтық қоғамды дамыту үшін не қажет деп ойлайсыз?
Үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғам құруда қандай рөл атқарады?
Қазақстанда азамттық қоғамның көрсеткіші болып табылатын саяси оқиғаны анықтаңыз.
2. Төмендегі жағдаятты оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Дүкенде тұтынушыға сапасыз және бүлінген өнімді (айранды) сатты. Оны үйге келгенде анықтады. Пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Тұтынушы өнімді қайтадан дүкенге апарды, бірақ сатушы тауарды басқа өнімге айырбастамады және ақшаны қайтармады.
Тұтынушы қандай қателік жасады?
Осы жағдайда тұтынушы өз құқықтарын қалай қорғай алады?
Тұтынушының талап ете алатын 3 құқығын көрсетіңіз.
1. 2.3.
3. ҚР Неке және отбасы заңы аясында отбасының маңыздылығын Қ.Аманжоловтың өлең жолдарын пайдаланып эссе жазыңыз. «Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер». Қ.Аманжолов Критерийлер: 1. Неке және отбасы құқығы туралы жазу; 2. Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін талдау; 3. Отбасының қоғамдағы маңыздылығын көрсету.