№2. Иванов тапсырма шартын орындағаннан кейін, Васильевтен тұрғын үйді жалдау шартын жасауына байланысты жалдау ақысының 15%-ы көлемінде өтемақы төлеуін талап етеді. Васильев мұндай көлемдегі өтемақыны төлеуден бас тартады, себебі тапсырма шартын жасау кезінде нақты сома айтылмағандықтан, алайда Иванов жасаған жалдау шартының ережелеріне көңілі толғандықтан шарт бағасының 3%-ы көлеміндегі өтемақы төлеуге дайын екендігін айтады. Ивановтың ойынша ол өзі жасаған шарт бойынша өтемақы көлемін өзі айқындауға құқылы. Мұнымен қоса, тұрғын үйлерді жалға беру агенттіктері осындай жалдау шарттары үшін 15 пен 25% аралығында өтемақы сұрайды, ал Иванов болса минималды соманы сұрауда. Дауды сотта қарау кезінде Иванов жасаған жалдау шартының пәтер иесі оның әйелі болып шығады, және Иванов пәтерді агенттік шарт бойынша басқарады. Бұл дауда кімнің талаптары орынды? №3. Азамат Щукин «Эверест» фирмасына өзінің «Лотос» АҚ-ғы акцияларын сенімгерлікпен басқаруға береді. Үш ай өткеннен кейін Щукин фирманың оған тиесілі акцияларын өз бағасынан анағұрлым жоғары бағамен сатып жібергендігін біледі. Ол фирмадан акцияны сатудан түскен ақшасын қайтаруды талап етеді. Фирманың басшысы Щукиннің талабын орындаудан бас тартып, олардың арасындағы сенімгерлікпен басқару шарты 1 жыл мерзімге жасалғангдығын айтады. Акцияны сатқаннан түскен ақшаға фирма өзге де бағалы қағаздар сатып алып, оны бұдан да көп табыс табу үшін бағалы қағаздар нарығында қолданатындығын айтады. Щукин болса бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен қаражатты тек шарт мерзімі біткеннен кейін ғана алады. Щукин сотқа фирмадан акцияны сатудан түскен қаражатты қайтаруын сұрап талап арыз жазады. Сот қандай шешім қабылдауы тиіс?

ПсихическиБольной ПсихическиБольной    3   30.03.2020 17:04    9

Другие вопросы по теме Право