"маған қымбат жандар " шығарма жазып бересіздерме

egorkovalev000007 egorkovalev000007    3   31.08.2019 09:50    1

Ответы
vovachetaikin86 vovachetaikin86  26.04.2020 13:50
Мына дөңгеленген дүниеде жаныма жақын қымбат адамым – анам. Себебі тоғыз ай, тоғыз күн құрсағында көтеріп, маған жарық дүниені нәсіп екен, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген анашым болатын. Асыл анашым, сіздің алдыңызда қарызым ешқашан өтелмек емес, тіпті жаяу жүріп Меккеге сан мәрте апарсам да сіздің бір күндік ұйқыңыздың өтеуін өтей алмаймын. Сіз менің өмірімнің бұлағысыз, жарық дүниемнің шырағысыз, анашым!

«Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» демекші, менің барлық өмірімнің арқауы, бақытты балалыққа жеткізген аяулы анамның есімі –" Ананың аты "Жасынан тәлім-тәрбиені бойына сіңіріп өскен анам адам жанына шуақ шашар күн секілді. Мен өзімді анамның жанында ең бақытты, қамсыз адам ретінде сезінемін. Анам менің бір қуанғаным үшін немесе бір рет жымиғаным үшін қолынан келгенін аяған емес. Мен де болашақта анамның маған жасаған қамқорлығын, жақсылығын ешқашан ұмытпаймын. Анашым, мен сізді шексіз жақсы көремін! Келешекте сіздің мақтан ететін ұлыңыз боламын.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Обществознание