19 ғасырда әуесқой әншілерге арналған қарапайым романс стилі де бой көтерді. Қазақтың дәстүрлі ән жанрында еуропалық романстардан кем түспейтін ән нұсқалары аз емес. Мысалы, “Ардақ”, “Айттым сәлем қаламқас”, “Қорлан”, “Гауһартас”, “Алқоңыр”, т.б. Романсты қазақ композиторлары 20 ғасырдың 30-жылдары жаза бастады (М.Төлебаевтің “Май кеші”, “Қамар сұлу”, т.б.). Әр жылдары Абай өлеңдеріне жасалған ұлттық романстар жанрдың көркемдік деңгейін арттыра түсті (Төлебаевтың “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын”, С.Мұхамеджановтың “Жарқ етпес қара көңілім не қылса да”, “Ғашықтың тілі тілсіз тіл”, М.Маңғытаевтың “Не із-дейсің, көңілім”, “Өлсе өлер табиғат, адам өлмес”, т.б.)