Жұмысшы бірінші күні 15 сағаттық жұмыс үшін 19 500 теңге алды. Екінші күні ол сондай
жұмысты 8 сағат, үшінші күні 10 сағат істеді.
Жұмысшы 3 күнде қанша ақша алады?

Diana12345678910123 Diana12345678910123    2   29.09.2020 14:23    7

Ответы
amina2031406 amina2031406  29.09.2020 15:01

Алдымен жұмысшы 15 сағат үшін 19 500 тг алса, жұмыстың 1 сағаты қанша теңге екенін есептеу қажет, демек :

15 сағ-19500

1 сағ-х

х=19500/15=1300 тг

Жұмысшы 1 сағат жұмыс үшін 1300 тг алады.

1 күн :19 500 тг

2 күні :8 сағ*1300 тг=10 400 тг

3 күні :10 сағат *1300=13 000 тг

3 күн бойы тапқан ақшасын қосамыз :

19 500+10 400+13 000=42 900 тг

Жұмысшы 3 күнде 42 900 тг тапты

Жауабы : 42 900 тг

Екінші әдіспен есепті шығарып көрейік:

1 сағат үшін 1300 тг алады. Онда 3 күн бойы істеген жұмыс сағатын қосып көрейік, демек :

15сағ+8сағ+10сағ=33 сағ

1 сағ-1300 тг

33 сағ-х

х=33*1300/1=42 900 тг

Екі әдіспен шығарсақта жауабы бірдей болады:42 900 тг

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Математика