Тәуелсіздіктің жеті кыры эссе

alexcozearschi alexcozearschi    3   26.11.2020 17:49    5

Ответы
dascha21schou dascha21schou  26.12.2020 17:50

Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқып сүйінгенімді ішіме бүкпей айтуды жөн көріп отырмын. Елбасымыз қашан да мемлекетіміздің, халқы­мыздың алдында тұрған міндеттер мен парызымызды дөп басып көр­сетіп отыратыны баршаға мәлім.

Елбасымыз Батыс Еуропа мен Шы­ғыс елдерінің бірегей өр­кение­тін айта отырып, біздің ту­ған жерімізде, Қазақстанда да бі­регей өркениет дамығанын тайға таңба басқандай көрсетіп беріпті. Жалпы Қазақстан тарихы да заманауи ғылым тұрғы­сынан қарағанда мақ­та­нышымызды оятатындай ұғы­нық­ты болуы қа­жет­тігін нақты нұсқапты. Қазақ­стан­дағы өр­ке­ниет­­тің басым көп­шілігі бұрын шет­жұрттардан келген дегендей түсінік болғаны рас. Елбасы атап көрсеткендей кейінгі жылдары жері­мізден та­был­ған тарихи жәді­гер­лер біздің бабаларымыздың көне заманнан бері ең озық, ең үздік өрке­ниетті жасағанын бұл жәді­герлер тари­хы­мызға тың көз­қарас­пен қарауға мүмкіндік ашып отыр­ғанын Елбасы нақты баянда­ған. Тағы бір таңқалғаным ата-ба­бала­рымыз талай техникалық жа­ңа­лықтарды ойлап тауыпты ғой. Біз ара-тұра жылқыны ең бірінші біздің бабаларымыз қолға үйрет­кенін еститін едік. Жылқы­ны қолға үйрету арқылы мәде­ниеттің негізін қалапты. Атқа міну арқылы бүкіл әлемде аса күш­ті қуатқа ие болға­нын Елбасы айшықтап дәлелдепті. Тіпті, өкшелі саптама етік, шал­бар секілді киімдерді де а ­сында біздің ата-бабалары­мыз­дың ойлап тапқаны осы мақалада кеңі­нен баяндалыпты.

Ал қазіргі әлемге мәшһүр Ал­тын адамның табылуы біздің де көз­қарасымызға тың серпін әкел­гені даусыз. Сондай-ақ, ежел­гі сақ­тар, ғұндар, түркілер өз жері­мізде өмір сүргенін біз жақсы біле­міз. Соған орай Ел­басы «Ұлы даланың өрке­ниет­тері» тарихи реконструкция­лар клубын құрып, соның не­гі­зінде Астанада және Қазақс­танның өзге өңірле­рінде осы тақырыптар бойынша фести­вальдар өткізуді орынды нұсқап отыр. Мұның өзі туристік жобаға айналады деп ойлаймын. Мені аса қызық­тыр­ған мақаладағы «Дала фольк­лоры мен музыкасы­ның мың жылы» бөлімі. Дала фольк­ло­ры­ның антологиясын жа­сап, «Ұлы даланың көне са­рын­­дары» жи­нағын басып шы­ғаруды ұсын­ғаны құптарлық мәселе. Халық­аралық мәдениетте кино өнері ерекше орын алатыны белгілі. Елба­сы­мыз Қазақстанның өрке­ниет тарихының үздіксіз дамуын көрсететін деректі-қойы­лым­дық фильмдердің, телевизия­лық серия­лар мен толықметражды көркем картиналардың арнайы циклын өндіріске енгізу қажет­тігін де атап өтіпті.

Жаңа тарихи кино туын­ды­лар­дың жанрларын барынша кеңейту қажеттігін көрсете отырып, оны да ұғынықты дә­лел­дегені мені ай­рық­ша сүйін­дірді.

Қазір жиі айтыла бастаған Ала­­таудың баурайы алма мен қыз­ғал­дақтың «тарихи отаны» екені ғы­лы­ми тұрғыдан дә­лел­денген. Тіпті,ы ежелде өскен қыз­ғалдақ­тың кейбір түрлері әлі күнге дейін біздің жерімізде кездеседі. Бүкіл әлемге таралған бұл жәдігерлерді насихаттау үшін Елбасымыз өлке­тану музейлерінің жанынан тари­хи-археологиялық қоз­ға­лыс­тар құру маңызды екенін ашық айт­қан.

Жалпы Елбасымыздың бұл мақа­ласында шешімін күткен, халқымыздың көкейінде, арман-ойында жүрген көптеген мәселе сөз болған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Математика